Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

Әдеп кеңесінің жоспары

Әдеп бойынша кеңес туралы ереже

Берілген Ереже І. Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің  Әдеп бойынша Кеңесінің (ары қарай Кеңес) мәртебесі мен өкілеттілігін анықтайды:

  • Жалпы ережелер


1.1 Кеңес  - колледж қызметкерлері мен оқушыларының тәртіптік жұмыстарын қарау, жемқорлыққа қарсы заңнаманы қамтамасыз ету, білім беру саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, колледжінің ішкі тәртібі мен Жарғысын бұзудың алдын алу үшін құрылған тұрақты алқалы басқару органы.

1.2 Кеңес Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және осы Ережеге сай өз қызметін атқарады.

1.3 Кеңес заңдылық, әділдік және әділеттілік қағидаларына жүгінеді.

  • Кеңестің мақсаты мен міндеттері

2.1 Кеңес колледж ұжымында кез –келген заң бұзушылықтарға төзімсіздік қалыптастыру негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, оның пайда болу себептері мен жағдайларын жою, қиянат етушілікті құрту және заң бұзушылықты түп- тамырымен жою бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында құрылады.

2.2 Кеңес міндеттері:

2.2.1 ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының колледж қызметінде жүзеге асуын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау;

2.2.2 Колледж Жарғысы мен Ішкі тәртіп ережелері бұзылуы бойынша колледж қызметкерлері мен студенттерінің өтініштерін қарастыру;
2.2.3 Құқық бұзушылыққа қарсы тұру, колледж Жарғысы мен Ішкі тәртіп ережелері бұзылуы мәселелері бойынша ЖОО ұжымының ақпараттандырылуын қамтамасыз ету;

2.2.4 Құқық бұзушылыққа қарсы тұруда және ұжымдағы кез-келген құқық бұзушылыққа деген төзімсіздікті қалыптастыруда колледж әкімшілігі және қоғамдық ұйымдарымен қызметтес болу;

2.2.5 Құқық бұзушылыққа қарсы тұрудың әр түрлі түрлері мен әдістерін қолдану және білім алушылардың құқықтары мен қызығушылықтарының қорғанысын қамтамасыз ету;

2.2.6 Тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және бодырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар жасау;

2.2.7 Колледждегі құқық бұзушылықтарды анықтауға көмектесу және анықталған құқық бұзушылықтар бойынша тәртіптік ықпал ету шараларына бастамашылық ету.

  1. Кеңесті құру тәртібі


3.1 Кеңес колледж директорының бұйрығымен құрылады

3.2 Колледж ұжымының белді мүшелерінен, соның ішінде жеке ұйымдар өкілдерінен, құралатын Кеңес құрамына төраға, оның орынбасары және кеңес мүшелері кіреді. Мүшелердің жалпы саны тақ болуы тиіс.

 

3.3 Кеңес төрағасы:

3.3.1 Осы Ережеге сәйкес Кеңесті басқарады және оның қызметін бағыттайды;

3.3.2 Кеңестің жұмыс жоспарын бекітеді және оның орындалуын қадағалайды;

3.3.3 Құқық бұзушылық бойынша қызметкерлермен білім алушылардың өтініштерінің уақтылы қаралуын қамтамасыз етеді;

3.3.4 3.3.4 Анықталған құқық бұзушылық бойынша тәртіптік ықпал ету шараларын қолдану туралы колледж директорына уақтылы ұсыныстар жасайды;

3.3.5 Жылына 1 рет колледж директоры Кеңестің жасаған жұмысы бойынша есеп береді;

3.3.6 Тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар дайындау;

3.4 Кеңес төрағасының орынбасары:

3.4.1 Кеңес төрағасы және оның орынбасары арасында бөлінген міндеттерді атқарады;

3.4.2 Кеңес төрағасының тапсырмасы бойынша ол болмағанда комиссия отырыстарында төрағалық етеді;

3.4. Өз құзіреттілігінің шеңберінде Кеңес төрағасының тапсырмаларын орындайды.

3.5 Кеңес мүшелері:

3.5.1 Кеңес жұмысының жоспарына ұсыныстар жасай алады;
3.5.2 Кеңес жұмысына белсенді түрде қатысуға міндетті және өз міндеттерін басқа адамға жүктеуге құқықтары жоқ;

3.5.3 Осы Ереженің талаптарына бағынуға міндетті.

3.6 Кеңес хатшысы:

3.6.1 Кеңеске келіп түсетін өтініштер мен ұсыныстарды есептеп, тіркейді;
3.6.2 Кеңес мүшелері мен басқа да тұлғаларға Кеңес отырыстарының өтетін орыны мен уақытын хабарлайды;

3.6.3 Кеңес отырыстары хаттамаларын рәсімдеуді қамтамасыз етеді.
3.7. Кеңес құқылы:

3.7.1 Құрылымдық бөлім жетекшілерінен қажетті материалдар мен ақпарат сұратуға және алуға;

3.7.2 Кеңес отырыстарына колледж әкімшілігінің өкілдерін, директордың орынбасарлары, бөлім меңгерушілерін, оқытушылық құрамын, қосымша қызметкерлері мен студенттерін шақыру және тыңдауға.

  1. Кеңес жұмысының ұйымдастырылуы және тәртібі
    4.1 Кеңес жұмысын төраға бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес атқарады;
    4.2 Кеңес отырысы айына 2 айда 1 рет өтеді;
    4.3 Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен екі бөлігі қатысқан комиссия отырыстары заңды болып саналады. Дауыстар саны тең болған жағдайда төраға дауысы шешуші болып табылады.
    4.4 Кеңес тәртіптік істі іс түскеннен кейінгі 10 күндік мерзімде қарастырады.

 

Педагогикалық кеңес отырысында қаралды және мақұлданды

 

Хаттама № __

___   _____20____ ж

 

 

 

 

 ТЖЖ директор орынбасары____________________________Ж.К. Балуанова

 


«Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі» МЕББМ

 

 

 

 

                                                                                     БЕКІТЕМІН

                                                                            Директор

                                                                            __________С.А. Алимбеков

                                                                            ______________20____ ж

 

 

 

Әдеп кеңесінің жоспары

2020/2021 оқу жыл

 

ТЖЖ директор орынбасары:  Балуанова Жансауле Кабдуловна

 

Орал 2020

Мақсаты мен міндеттері: кеңес колледж ұжымында кез –келген заң бұзушылықтарға төзімсіздік қалыптастыру негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, оның пайда болу себептері мен жағдайларын жою, қиянат етушілікті құрту және заң бұзушылықты түп- тамырымен жою бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында құрылады.

Іс-шаралар атауы

Мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

1

Кеңес отырысы

Кемінде

2 айда 1 рет

Кеңес төрағасы

Алимбеков С.А.

2

Жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында студенттер арасында жаппай ұйымдастыру-насихат жұмыстарын жүргізу

Ай сайын

ТЖ жөніндегі директордың  орынбасары

Балуанова Ж.К.,

жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы

Абдуалиев Ж.С.

3

Құқық бұзушылықтың алдын алу, еңбек тәртібін нығайту және еңбек заңнамасын қамтамасыз ету үшін қызметкерлерімен кездесу

Жылына1 рет

Кеңес төрағасы

Алимбеков С.А.

4

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша колледжінің саясатын жетілдіру, оның пайда болатын себептері мен жағдайларын жою мәселелері бойынша студенттер кездесу ұйымдастыру және өткізу

Қыркүйек,

Желтоқсан

Сәуір

ТЖ жөніндегі директордың  орынбасары

Балуанова Ж.К.,

жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы

Абдуалиев Ж.С.

5

Колледж қызметкерлерінің этикалық нормаларды, ішкі тәртіп ережелерін, колледж Жарғысын бұзу фактілері бойынша азаматтардың хаттарын және өтініштерін қарау

Келіп түсуіне қарай

Кеңес төрағасы

Алимбеков С.А.

6

Тәртіп бұзған студенттердің ата-аналарымен кездесу

Анықталуына қарай

Кеңес төрағасы

Алимбеков С.А.

7

Бөлім меңгерушілермен топ старостаттар қатысуымен  кездесу ұйымдастыру.

Жылына

2 рет

ТЖ жөніндегі директордың  орынбасары

Балуанова Ж.К.,

жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы

Абдуалиев Ж.С.

8

Студенттер мен колледж қызметкерлерінің айтқан ескертулері мен ұсыныстарын талдау

Келіп түсуіне қарай

Кеңес отырысы

 

 

Педагогикалық кеңес отырысында қаралды және мақұлданды

 

Хаттама № __

___   _____20____ ж

 

 

 

                                   ТЖЖ директор орынбасары____________________________Ж.К. Балуанова

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.

В этой форме вы можете задать ваш вопрос:
Защитный код
Обновить картинку