Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялқ колледжі
0

 

 

Әлеуметтік серіктестіктің дамуы

 

Әлеуметтік серіктестіктің дамуы

 

Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінде кәсіпорындармен әлеуметтік серіктес келесі бағыттарда жүзеге асырылады:

- өндірістегі мамандарды оқу процесіне қатыстыру және өндірісте дуалды оқыту жүйесін енгізу;

- өндірісте мамандықтардың филиалдарын ашу;

- өндірісте кәсіптік практиканы ұйымдастыру;

- педагогикалық қызметкерлердің кәсіпорындарда кәсіби дайындық сапасын көтеру;

-   оқу жоспарлары мен бағдарламардың мазмұнын әзірлеу және келісу;

-  түлектерді жұмысқа орналастыру.

Енбек нарығына мамандарға қойылатын қазіргі заманға біліктік талаптарын сәйкестендіру, жұмыс берушілер сұраныстарына кадрларды даярлау үшін педагогикалық кадрлардың кәсіпорындар мен ұйымдарда тағылымдамадан өту мүмкіндіктері қарастырылған. Жыл сайын колледж оқытушылары теориялық білімдерін практикамен ұштастырып «УралТехСервис» ЖШС, «БҚӘЖТК», «Желаев НӨК» АҚ, «Уральскнефтегазгеология» АҚ, «КазТрансОйл» АҚ, «Уральскагрореммаш» АҚ, «Қазақстандық метрология орталығы» ЖШС және басқада көптеген өндірістер мен мекемелерден тағылымдамадан өтеді.

         Колледж әкімшілігі практика базаларын кеңейту, әлеуметтік серіктестік жүйесін қалыптастыру бойынша жүйелі түрде жұмыстарды өткізеді. Бүгінгі таңда, 58 практикадан өтуге өндірістермен келісімшартар бар, одан басқа 10 келісім шарт дуалды оқыту бойынша, 3 келісім шарт өндірісте мамандықтардың филиалдарын ашуға жасалған. Әр мамандық 3-8 практикадан өту базасымен қамтылған.

        Әлеуметтік серіктестіктердің келісуімен колледжде оқу практикалар өту кезінде, өндірістерде практикалық-сабақтар ұйымдастырылады. Мұнда «Теориядан практикаға» деген принцип жақсы жұмыс істейді. Оқушы өндірістік жағдайлармен жұмыс істейді, күрделі теориялық тапсырмалар практика арқылы жақсы игеріледі.

Өндірісте мамандықтардың филиалдардарын ашу жұмыстары да жолға қойылуда. Дуалдық жүйенің элементтерің енгізу барысында колледждің Мұнай-газ және стандарттау және Экология және биотехнология бөлімдерінің филиалдары «Уральскнефтегазгеология» АҚ және «Қазақстан Ғылыми зерттеу ветеринарлық станциясы»-ң базаларында ашылды. Бұл өндірістік оқытуда тәжірибенің бір түрінен екіншісіне өту кезінде оқушылардың теориялық білімді бекіту, оларды нақты өндірістік міндеттерді шешу кезінде қолдану мүмкіндігін кеңейтті.

Мұндай сабақтардың формаларын оқу процесінде пайдалану,  ең соныңда теориялық дайындықтың сапасына әсерін тигізеді жәнеде жалпы замануи өндіріс талаптарына сәйкес  оқушының кәсіптік дайындығының денгейін көтереді.

Кәсіби жоғары мамандар дайындау мақсатында колледж оқу процессіне мекемелерлерден мамандарды тартады. Мамандарды өндірістен тартудың басты өлшемі оқу процесінің интеграциясын өндіріс қызметіне енгізу.

Білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін колледж теориялық және практикалық сабақтарды өткізу үшін өндірістен мамандарды, жоғары оқу орындарының оқытушыларын шақырады, осылайша теория мен пракатиканы ұштастырып, колледж бітірушілердің кәсіби ортаға тез бейімделуіне жағдай жасайды.

Барлық шақырылған мамандардың жоғары кәсіби білімдері, өндірістік жұмыстағы еңбек өтілдері, сондай-ақ ғылыми дәрежелері бар. Мысалы,  0902000 «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығында Абдуллаев Н.М. («Орал трансформатор заводы») өндірістік директоры, 1513000 «Ветеринария» мамандығында ветеринария ғылымдарының кандидаты  Мурзабаев К.Е., ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты   ветеринария ғылымдарының докторы  Канатбаев С.Г. («ҚазҒЗВС» ЖШС «Батыс Қазақстан ғылыми зерттеу ветеринарлық станциясы» филиалы),  Нуралиев Е.Р. («Агрофирма «АКАС» ЖШС), 0809000 «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» мамандығы бойынша Нургазинов М.С. («Уральскнефтегазгеология» АҚ), 1201000 «Автокөлікке техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығына Синельников В.М. («УралТехСервис» ЖШС) сабақтар жүргізеді.

 

Кесте1. Негізгі әлеуметтік серіктестік туралы мәлімет

Р/с

 

Әлеуметтік

серіктестіктің атауы

Келісім –шартқа қол қойылған жылы, күні, №, мамандығы (біліктілігі)

Мекенжайы

1

«УралТехСервис» ЖШС

09.10.2015ж., №50, 1201000-«Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және  пайдалану»

Жамбыла 81

2

«Ізденіс» ЖШС

27.08.2014ж., №11, 1513000 -«Ветеринария»

Ихсанова 44/1

3

«УральскАгрореммаш» АҚ

27.08.2014ж., №14, 1202000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша)»

Чингирлауская 7

4

«Пассажир-Авто» ЖШС

09.09.2015ж., №51, 1202000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша)»

Космическая 8/1

5

«Батыс Қазақстан ғылыми-ізденіс ветеринарлық станциясы»

1513000-«Ветеринария»

Гагарина 12/1

 

«БҚО ветеринария басқармасы» МБ

30.09.2016ж., №79, 1513000-«Ветеринария»

Ескалиева 84

6

«Орал трансформаторлық завод» ЖШС

30.09.2016ж., №80, 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету (салалары бойынша)»

Есенжанова 42/6

7

«Уральскнефтегазгеология» АҚ

23.08.2016ж., №00071/16, 0809000 «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану»

Темиртауская 17

8

«НК Автожол» БҚФ

27.08.2014ж., №14, 1202000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша)»

Ихсанова 44/1

9

«КПО б.в»

06.04.2014ж., №81, 0809000 «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану», 0802000 «Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын салу және пайдалану», 0601000  Метрология, стандарттау және сертификаттау, 0902000 Электрмен қамтамасыздандыру, 0201000 Құқықтану, 0518000 Есеп және аудит.

Ақсай қ., промзона

10

«Жайықтеплоэнерго» АҚ

08.04.2015ж., №72, 0902000 Электрмен қамтамасыздандыру, 1201000-«Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және  пайдалану»

Район ТЭЦ

11

«Уральская ГТЭС» ЖШС

01.09.2013ж., №37, 0902000 Электрмен қамтамасыздандыру,

Мичурино ауылы, Шаруашылық 2/1

12

«Аквамәдениеттің тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісінің оқу-ғылыми кешені» ЖШС

21.01.2016ж., №34, 1505000 «Балық шаруашылығы»

Жангир хана 51/7

13

«МФО «Кредитал» ЖШС

18.04.2017ж., №45, 0516000 «Қаржы», 0518000 Есеп және аудит.

Д. Нурпеисова 12/1