Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

Практика

Кәсіптік практиканы ұйымдастыру

 

          Жоғары инженерлік-технолгиялық  колледжі оқушыларының кәсіптік практикаларын ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасында Еңбек туралы», «Қазақстан Республикасында әлеуметтік серіктестік туралы» заңдарына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндетті орта кәсіптік білім беру стандартына сәйкес жүргізіліп келеді.
         Оқушылардың мамандықтарына сәйкес кәсіптік практика арнайы кәсіпорындар мен мекемелерде өтеді. Мамандық бойынша кәсіптік практиканы өту ұзақтығы оқу жоспарымен белгіленеді.

Арнаулы орта кәсіби білім беру мекемелерінде мамандарға деген қажеттілікті кеңейту, оларды даярлау сапасының талаптарын көтеру жағдайында еңбек нарығында тұтынушылар жүйесінде білім қызметі нәтижесін көтеру мақсатында колледж әлеуметтік серіктестермен қарым- қатынаста болуы керек. Бұл мамандарды даярлау соңында экономика мен жұмыс беруші талаптарына сәйкес болып, оқушылардың өндіріспен байланыста болуына мүмкіндік тудырады.

         Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі ұзақ уақыттан бері келесі негізгі әлеуметтік серіктестіктермен жұмыс жасап келеді.

 Олар: «КПО» компаниясы, «Урал Тех Сервис» ЖШС, «Жайық – Мұнай» ЖШС,  «Степной Леопард», «Арна Ойл» ЖШС, «УралКаспий» ЖК, «Сержанов электромонтажды жұмыстар», «КазАвтоКөлік» АҚ, «Орал нефтегазгеология» АҚ, «Казбургаз» АҚ, «Батыс Қазақстан РЭК» АҚ, «Ізденіс» ЖШС , «Cтандарт-плюс»  оқу орталығы, «КПО б.в», «Орал магистралды газопровод басқармасы»,  «УралТехСервис» ЖШС, РГП “ Казахавтадор ” БҚОФ, “ БҚО  табиғи ресурстарын басқару мен табиғатты пайдалануды жүйелеу ”, “Желаев КХП”, “Оралводпроект” ЖШС, Батыс Қазақстан облысының адвокаттар мүшесі, «Орал нефтегазгеология» ЖШС, «Батыс Күнбағыс»АҚ, «Қазақ ғылыми зеттеу институты», «Ізденіс» ЖШС, «Переметный элеваторы» ЖШС,  «Потенциал» ЖШС,  «Нан пісіру және тәтті тағамдар өндірісі»ЖШС,  «Арай»ЖШС, «Орал сауда өндірістік палатасы» ЖШС, «Белес АГРО» ЖШС, «Пластик Автотранс», «Жайық Hyindai Motors», «Промвентеляция», Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, «Каспий Азия Сервис Company», «Батыс Қазақстан табиғат ресурстары мен табиғи ресурстарды пайдалану департаменті», БҚО  табиғи ресурстарын басқару мен табиғатты пайдалануды жүйелеу ”, т.б. өндірістер болып табылады.

Мұндағы басты бағыт  өндірістік практика болып табылады, себебі бұл теориялық білімдерін бекітуге негізделіп, әзірлік барысында алған білімдерін тәжірибелік тұрғыдан көрсетіп, сонымен қоса өзі оқып жатқан мамандығы бойынша озық тәжірибені игереді. Оның негізінде оқушы ретінде өндірісте өзінің алған білімін пайдаланады.

Өндірісте, мекемелерде, оқу –тәжірибелік және базалық шаруашылықтарда өтетін барлық сараман түрлері екіжақты келісім жасалу негізінде жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда келісімшарт жасалып, оқушыларымыз төмендегі тізімде көрсетілген мекемелерде сараманнан өтуде:   және т.б

            Сонымен қоса «Казахавтадор» БҚОФ, «БҚО РЭК» АҚ, Чинарев кен орнына, “УралКаспий” ЖК, “УралТехСервис ” ЖШС, “Батыс Қазақстан РЭК ”АҚ,   өндіріс орындарына оқу экскурсиялары ұйымдастырылып отырылады.

Түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында колледжде оқушыларды тәжірибеден өткізу жүйесі қарастырылған.

Екі тараптың келісімі бойынша оқушы жоғары курстарда оқу аяқталғанша келісім шартқа  сәйкес мамандығы бойынша практикадан өте алады. Практикадан өту кезінде оқушыға жеке кесте бойынша сабаққа еркін түрде келу мүмкіндігі беріледі.

Сонымен қоса, серіктестіктің бір формасына әлеуметтік серіктестерді кәсіби мамандарды оқытуға шақыруда өмірлік және өндірістік тәжірибесі бар кәсіби білікті мамандарды «Уралнефтегаз» ЖШС, «Пассажир Авто» ЖШС, «Урал Тех Сервис» ЖШС, «БҚО РЭК» АҚ,  «Степной Леопард» АҚ сияқты т.б мекемелерден қорытынды мемлекеттік аттестацияға қатысуға шақыру қарастырылған.

Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының колледждегі барлық әзірлеу бағыттары жұмысының қорытындысы мамандарды әзірлеу сапасының жоғары екендігін көрсетеді.

МАК төрағасының есептері бойынша мамандарды даярлау талаптары мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес екенін кәсіби жұмыс тақырыбының өзектілігін, дипломдық жұмыстың практикалық маңызынан көруге болады.

 

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.

В этой форме вы можете задать ваш вопрос:
Защитный код
Обновить картинку