free templates joomla

Оқу орны туралы

Оқу орны туралы мәлімет

 

     «Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі» мемлекеттік емес білім беру мекемесі, 2000 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің жанындағы инженерлік-технологиялық колледжі болып негізі қаланды. Ал 2010 жылдың 01 шілдесінде оқу орны құрылтайшысының  №2 шешімі бойынша оқу орны атауы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінен бөлініп шығуына байланысты, «Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі» мемлекеттік емес білім беру мекемесі болып өзгертіліп қайта құрылды.

      Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінің алға қойған мақсаты – еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай, бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді мамандар даярлау болып табылады. Қазіргі таңда колледжде техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономика салалары негізінде 25 мамандық бойынша мамандар даярланады. Колледжде күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде студенттербілім алады. Колледжде 87 оқытушы қызмет атқарса, оның ішінде 3 ғылымы кандидаты, 8 магистр, 21 жоғары санатты, 29 бірінші санатты, 20 екінші санатты оқытушылар болып табылады.

        Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2014 жылы Серпін-2050, «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға!» әлеуметтік жобасы қолға алынып еліміздің Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарынан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе, Атырау облыстарының жоғары және арнаулы орта оқу орындарына талапкерлер оқуға қабылданған болатын.

      Серпін-2050,  «Мәңгілік  Ел  жастары — индустрияға»  әлеуметтік  жобасының негізгі міндеттерінің бірі – жастардың техникалық-кәсіптік мамандық алуына көмектесу, оларды жоғары жалақылы жұмыспен қамтамасыз ету, жастарды адал еңбекке ынталандырудың жолын табу болып табылады.

      Батыс  Қазақстан  инженерлік-технологиялық  колледжі аталған жоба негізінде өткен 2014-2015 оқу жылы Серпін-2050, «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға!» әлеуметтік жобасы негізінде 2 мамандық (Ветеринария-20 және Балық шаруашылығы-25) бойынша 45 талапкерді Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан оқуға  қабылдаса, 2015-2016 оқу жылы колледжге 4 мамандық бойынша 100 талапкер (Ветеринария-25, Мұнай және газ кен орындарын пайдалану - 25, Электрмен қамтамасыз ету – 25, Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану - 25) оқуға қабылданып білім алуда.

     Колледждің жалпы материалдық-техникалық базасы бүгінгі күн талабына сай жабдықталған. Колледжде оқу үрдісі барлығы 52  аудиторияда жүзеге асырылады. Оның ішінде жалпы білім беру пәндеріне арналған 8 аудитория, 30 арнайы пәндерге арналған аудитория және 3 шеберхана бар.

     Колледжде барлығы 5 компьютерлік сыныпта 78 компьютер болса, олардың барлығы кең жолақты интернет желісіне қосылған.

     Сонымен қатар колледжде көлемі 451  м², 200 орындық мәжіліс залы және оқушыларға арналған көлемі 796 шаршы метрлік жаңа спорт зал жұмыс жасайды.

          Колледжде 150 орындық кітапхана жұмыс жасап, кітапхана оқу үрдісіне қажетті оқу, ғылыми-техникалық, оқу-әдістемелік құралдармен, анықтамалармен және ақпараттық материалдармен толық қамтамасыз етілген.  Ал кітапхананың жалпы кітап қоры 67746 дананы құрайды.

 

Колледж

      3

 

Спорт зал

4   5   

 

Кітапхана

7      

 

Колледж – БҚО, Орал қаласы, Достық даңғылы 215 мекенжайында орналасқан (колледжбен байланысу үшін: 8 (7112) 513531,  240475 телефондарына, [email protected] поштасына және www.wкetc.kz ақпараттық сайты арқылы хабарласуға болады).

гис-технологии
ткани для вышивания