free templates joomla

Бөлім туралы мәлімет (техникалық бөлім)

ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ

 

       Техникалық бөлімде төмендегі мамандықтар бойынша орта буын мамандарды даярлау жұмыстары жүргізіледі:

 - 1201000 «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»;

 - 1202000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару (салалар бойынша)»;

 - 0902000 «Электрмен қамтамасыздандыру (сала бойынша)».

       Аталған мамандықтар бойынша мамандарды даярлау колледж құрылғаннан бастап,яғни 2000 жылдан жүргізіледі және  күндізгі және сырттай бөлімдерде оқытылады.

 -1304000 «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша 2008 жылдан бастап жүргізіледі.

       Барлық жоғарыдағы мамандықтар бойынша оқыту мерзімі 2 жыл 10 ай (11 кл), 3 жыл 10 ай (9 кл).

-1510000 «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша 2014 жылдан бастап, тек күндізгі бөлімде бір топ оқиды, оқу мерзімі 3 жыл 6 айды құрайды.

       Бөлімде тағы 1511000 «Жерге орналастыру» (біліктілігі-техник) және 1014000 «Машина жасау (түрлері бойынша)» (біліктілігі-техник-механик) мамандықтары бойынша маман даярлау лицензиялары бар. Бұл мамандықтарды оқыту мерзімі 2 жыл 6 ай (жалпы орта білім негізінде), 3 жыл 6 ай (негізгі орта білім негізінде) құрайды.

       Техникалық бөлім колледждің бір құрылымдық бөлігі ретінде 2009 жылдан бастап жұмыс жасайды.

       Болашақ мамандарды даярлау сапасы бөлімнің инженерлік-педагогикалық құрамының кәсіби деңгейлеріне тікелей байланысты.  Колледжде білікті педагог мамандардың болуы оқушыларды өзектілігі жоғары сапалы біліммен қамтамасыз етумен қатар, колледждің еңбек нарығындағы орнын айқындайды. Осыған орай, оқытушылардың сандық және сапалық құрамын әрдайым жақсарту үшін колледж басшылығы басты назарда ұстайды.

       Техникалық бөлімде белсенді түрде ғылыми-әдістемелік жұмыспен айналысатын және мамандарды даярлау ісіне кәсіби тұрғыдан қызығушылық танытатын, өз біліктілігін арттыруға ұмтылатын оқытушылар қызмет жасайды. Бөлім құрамында біліктілігі сабақ беретін пәндері мен мамандықтарына сәйкес және оқушылармен жұмыс жасау тәжірибесі бар 21 оқытушы қызмет атқарады, олардың 3-і жоғары санатты, 7-і бірінші санатты, 7-і екінші санатты оқытушы болса, 5 оқытушы магистрлік дәрежесі бар. Санаты жоқ 3 оқытушы бар. Бөлімнің санаттылығы  66,7%-ды құрайды.

       Педагогикалық қызметкерлер оқушылардың маңызды кәсібилік қабілеттерін дамыту үшін, олардың өз бетінше жұмыстануына үлкен көңіл бөледі. Сабақтарды оқытуда әр түрлі деңгейлік тапсырмаларды, іскерлік ойындарды, топтық жұмыстану, жарыс элементтерін қолдану, логикалық ойлауды дамыту және т.б.түрлі әдістерді қолданумен қатар, өздері дайындаған әр түрлі  көмекші құралдарды: әдістемелік оқу құралын, тесттерді, электронды оқулықтарды да қолданады.

       Бөлімде әрбір оқу жылында пәндік апталықтар өтіп тұрады. Апталық аясында бөлім оқытушылары әр түрлі ашық сабақтар мен ашық тәрбие сағаттарын, сыныптан тыс шараларды өткізеді.

       Бөлім оқытушылары ғылыми-ізденістік жұмыстармен де айналысуды ұмыт қалдырған емес. 2014-2015 оқу жылында оқытушылар А.М.Дюсенгалиева,С.К.Баигубенова, Г.К.Кудабаева, А.Е.Матошова түрлі ғылыми конференцияларға қатысып, олардың материалдары конференция жинақтарына басылып шықты. Сондай-ақ, халықаралық сайттарға  (10 мақала)  және оқытушылар мен студенттердің ашық Халықаралық каталогына (1 мақала) да материалдар жариялап отырады. Колледжде өткен Педагогикалық оқуларға да қатысады, оқытушы Кенжебаева И.Б. және Исламбекова Б.Т., сәйкесінше І және ІІІ орындарды иеленді.

       Бөлімде 4 ғылыми үйірме жұмыс жасайды, 2014-2015 жылы «Электрик» үйірмесінің жетекшісі Б.М.Хайруллин  оқушылардың жасаған макетімен Халықаралық көрмеге қатысты.

Арнайы пәндердің жоғары санатты оқытушысы  Е.Ю.Мещерякова 2010-2011 оқу жылынан бастап, Облыстық физика, электротехника пәндері оқытушылары мен электро-радиотехникалық мамандықтар бойынша педагог қызметкерлерінің әдістемелік комиссиясының төрағасы болып жұмыс жасайды. Оқытушының ұйымдастыруымен колледж базасында Облыстық шаралар өтіп тұрады. Мысалы, 26.12.2014ж. күні «Энергетиктер күні» мерекесіне орайластырылған «Электр әлеміне саяхат» Облыстық байқауы өтіп, оған облыс аумағындағы және қаладағы барлық ТжКББ ұйымдарынан оқытушылар мен оқушылар қатысты.

       Арнайы пән оқытушысы С.К.Баигубенова "Біз - болашақтың қуатымыз" атты Республикалық инновациялық жобалар байқауына қатысып, жүлделі І орынды иеленді.

Оқытушылар мен қызметкерлердің біліктілігін көтеруі жүйесі, олардың  жеке тұлға ретінде  қалыптасуымен қатар, жүйелі түрде білімдерін дамытуға мүмкіндік береді.

       Бөлім оқытушылары колледж жоспарына сәйкес біліктілікті көтеру курстарынан  ұлттық және өңірлік  ЖОО-нан, "Өрлеу" республикалық оратлығы мен ұйымдар мен мекемелерден өтіп тұрады. 2014-2015 оқу жылында  бөлімнің 6 оқытушысы әр түрлі біліктілікті көтеру курстарына өтсе, 18 оқытушы мекемелерден тағылымдамадан өтті

       Бөлімнің оқушылары да оқытушылардың жетекшілігімен конференциялар, семинарлар мен байқауларға қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүр. «Электр әлеміне саяхат» Облыстық байқауына қатысқан Есмагулов Е. (жетек.И.Б.Кенжебаева) «Алғыс хатпен», Хисметов А. (жетек.Б.М.Хайруллин) «Үздік презентация» номинациясымен марапатталса, «Жас ғалым» республикалық байқауына қатысқан  Ескалиева К. (жетек. А.К.Булатова) ІІІ орын, Д.Артыгалиева (жетек. А.С.Жуматаева)  «Ғылымға ұмтылысы үшін» номинациясында І орын, оқушылардың ІТ жұмыстарының  Халықаралық «Дебют Дизайн» байқауында Отарғалиев С. (жетек. С.К.Баигубенова) І орын иеленді. Қазақ Хандығының 550-жылдығына орай ұйымдастырылған қабырға газеттерінің байқауында ПОВТ-921 тобы ІІІ орынды иеленді.

       Әрбір оқу жылының соңында оқытушылардың оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми, тәрбие және қоғамдық жұмыстарын қорытындылау мақсатында рейтингтік бағалау жүйесі қалыптасқан. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша да бөлім оқытушылары жақсы нәтиже көрсетіп келеді: тәрбие жұмысы бойынша Баигубенова С.К. - І орын, Габдуллина И.Б. - ІІІ орын, Бекмагамбетова Ж.А. - І орын, Булатова А.К.-ІІІ орын иеленген болса, Г.С.Никишева «Ең жас топ тәлімгері» номинациясында жеңімпаз атанды, оқытушылар рейтингісі бойынша Б.Т.Исламбекова-ІІ орын, Баигубенова С.К.-ІІІ орын иеленді.

       Бөлімнің оқытушылары мен оқушылары  қалалық, облыстық және колледжішілік спорттық шаралардың да белсенді қатысушылары. Әр жылдардағы қорытынды бойынша «Мұғалімдер күнене» орай өткізілген спорттық шарада бөлім жалпы командалық есепте  І орын, ІІІ орын иеленген болса, осы 2015-2016 оқу жылында бөлімнің оқытушылар командасы жалпы есепте ІІ орынды иеленді, ал жеке түрлері бойынша волейболдан І орын алды. Арнайы пәндер оқытушысы И.Б.Кенжебаева  «Үздік эстафета ойыншысы» номинациясы бойынша үздік атанды.

       Колледжде жыл сайын «Денсаулық күні» спорттық шарасы оздырылады, ол шараларда да бөлім оқушылары белсенді атсалысады: ЭЛС-11 тобының командасы «Туристтік таңғы ас» номинациясында ІІІ орынды, МСХ-911 тобының командасы «Күзгі композиция» номинациясында ІІІ орынды, ЭЛС-12 тобының командасы «Палатка орнату» номинациясында ІІІ орынды иеленді. Жекелеген оқушылар Ә.Жалгасов, Ш.Аметовтер кір тасын көтеруден ІІ орынды (әр салмақ дәрежесінде),турникке тартылудан  Кучук И.  ІІІ орынды, жүгіруден Максот М. ІІ орынды иеленді. Денсаулық фестивалында МСХ-911 тодының командасы жалпы есепте  ІІІ орынды иеленді.  Осы оқу жылында  ТОР-11 тобының оқушылары  кір тасын көтеруден Ж.Алмағамбет І орынды,  Ахатов Т. ІІІ орынды алды.

       Бөлімнің оқытушыларынан басқа оқушылары да әр түрлі  мәдени-қоғамдық шараларға қатысып тұрады. І курс оқушыларының байқауында  бөлімнің оқушылары белсенділікпен қатысып, өздерінің таланттарын паш етуде алдарына жан салмады, сөйтіп жалпыкомандалық есепте жүлделі І орынды иеленсе, жеке өнер сайыстары бойынша: КТК командасы дипломант атанды; 1-курс оқушыларының өмірінен түсірілген «Видеоролик» конкурсында І орын; «Хореография» номинациясында ұлттық би түрінен І орын; «Аспапта ойнау» номинациясында І орын; «Көркем сөз оқу» номинациясында І орын; «Үздік жүргізуші» номинациясында І орын иеленді.

       Техникалық бөлімнің оқушылары мен оқытушылар құрамы тек ғылыми-ізденістік жұмыстармен қатар, қоғамдық жұмыстардың да белсенді қатысушылары.

гис-технологии
ткани для вышивания