free templates joomla

Материалдар

қараша, 2016

           2016  жылдың  5  қараша  күні  колледжде  білім  алып  жатқан  Серпін – 2050  «Мәңгілік  ел жастары - индустрияға» әлеуметтік жоба қатысушыларының арасында облыстық «Аламан» фестивалі өткізілді. Нәтижесінде  «Болашақтың мамандығы қандай?» атты пікірталас ойыны бойынша «Мұнай-газ және стандарттау» бөлімінің оқушысы Өтеулі Шерхан 3 орынға ие болды. Сонымен қатар «Заманауи би» аталымы бойынша колледж оқушылары 2 орын женіп алдса, ал «Баскетбол» ойыны бойынша жүлделі 1 орынға ие болды.

2016.11.01   2016.11.02   2016.11.03

           18.11.16ж. сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған Мемлекеттік қызмет көрсету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің маманы Тулепқалиев Ерік Тлекбайұлының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Тақырыпқа байланысты баяндамалар оқылып, сұрақтар қойылды.

2016.11.04   2016.11.05

           Сонымен қатар қараша айының 8-10 күндері аралығында ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту аясында облыстық білім басқармасының өткізуімен колледж оқушыларынан құралған команда волейболдан І орын, футболдан ІІІ орынға ие болды.
          2016    жылдың   21-25   қараша    аралығында    «Мұнай-газ    және    стандарттау»   бөлімінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында  техникалық пәндер апталығы оздырылды. Апталық барысында ЭНГМ-21, ЭНГМ-922, ЭНГМ-932, СМС-932, ТПНГ-21, ТПНГ-931 топтарында «Зерек мұнайшылар», «Алғыр мұнайхимия синтездеушілері», «Будущие нефтяники», «Фестиваль конкурсов» атты сабақтан тыс шаралар өткізілді. Топ оқушылары белсене қатысты.

2016.11.06   2016.11.07
2016.11.08   2016.11.09

          21 мен 25 қараша аралығындабітіруші түлектермен кәсіби мамандар арасында кездесу өткізілді. «7 желтоқсан – «Қазақстан жастары-Тәуелсіздік толқынында» жастар акциясы аясында оқу бітіруші түлектеріне кәсіптік-техникалық, оның ішінде жұмысшы мамандықтарды насихаттауға бағытталған 1505000-Балық шаруашылығы, 1513000-Ветеринария, 0809000-Мұнай және газ кен орындарын пайдалану, 0601000-Стандарттау, метрология және сертификаттау мамандықтарының оқушыларын жұмысқа орналасу туралы бағыт-бағдар беру мақсатында өндіріс орнының кәсіби мамандарымен кездесу, дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды.

2016.11.10   2016.11.11

       2016 жылдың 24 қараша күні ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай «Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» атты облыстық фестиваль аясында колледжішілік концерт өткізілді. Облыстық фестивальге: «Стандартшылар», «Мұнайшылар» «Зерновик», «Ихтиолог», «Электрик», «Техник», «Vertebra», «Заңгер», «Бизнес-клуб», «МИФ», «Инженерная и компьютерная графика», «Жас өлкетанушы», «Жас тілші», «Механик»  үйірме оқушылары мен жетекшілеріде белсене атсалысты.

2016.11.12   2016.11.13
2016.11.14   2016.11.15
2016.11.16   2016.11.17
2016.11.18   2016.11.19
2016.11.20   2016.11.21

           2016  жылдың  22  қараша  күні  ПВ-931  тобының  тәлімгері  Хасанова М.Д. «Қылмыстық іс жүргізу сатылары» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

2016.11.22   2016.11.23
2016.11.24

            2016 жылдың 15 қараша күні ПВ-911 тобының тәлімгері Рахимгалиева Д.К. «Теңге – мемлекет келбеті» атты тәрбие сағатын өткізді.

2016.11.25   2016.11.26
2016.11.27

        Колледждің ЭЛС-911 тобының оқушысы Амангельдиева Қымбат қазақ тілінен олимпиадаға қатысып, ІІ дәрежелі дипломы мен қатысушы сертификатына ие болды. (Жетекшісі – Халелова А.Б.)

2016.11.28   2016.11.29

        Арнайы пәндер оқытушысы  Кудабаева Г.К. облыстық «Үздік электрондық оқу-әдістемелік кешен» байқауына қатысып I орынды иеленді.

2016.11.30   2016.11.31

          2016 жылдың 07-18 қараша аралығында оқушылардың  суицидтік мінез-құлықтарын алдын алу үшін және өмірге деген оң көзқарас қалыптастыру мақсатында топ тәлімгерлері психологтың қатысумен тәрбие сағаттарын өткізді: «Өмір теңіз - жүзем онда демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз», «Бүгінгі күн басқа күнге ұқсамауы керек», «Ашулы мінез құлықтың альтернативті стильдері», «Адам жанын түсіне білу де өнер», «Өмірімнің бақытты сәттері».

2016.11.32   2016.11.33
2016.11.34   

          2016  жылдың  28  қараша күні «Автомобиль көліктеріне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалау» және «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару» мамандыдығында оқитын оқушылармен дөңгелек үстел өткізілді. Мекемеден шақыртылған мамандар: механикалық зауытының аға шебері-Маштаков Хасен Маратович, автомектебінің директор орынбасары - Темирхан Асхат Асқарұлы Самат, «Орал Ардақтау» АҚ директоры - Шутанов  Ермек Табылдиевич.

2016.11.36   2016.11.37
2016.11.38

       2016 жылдың 5-6 қараша күндері «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» әлеуметтік жобасының грант иегерлерінің біріктіру және бір-бірімен  таныстыру,  достық қарым-қатынасын арттыру, талантты жастарды анықтау мақсатында «Аламан-2016» облыстық фестиваліне колледждің оқушылары белсене қатысты.  «Serpin-Start-Up»  атты интеллектуалды-инновациялық байқауынан Тынышбек Меруерт 1орынға ие болды. «Жалынды Сардар» байқауы Солтанмуратов Ерлан 1 орынды иеленді.

2016.11.39   2016.11.40
2016.11.42   2016.11.41   2016.11.43

          2016  жылдың  26  қараша  күні  «Үміт»  Орал  Өңірі  әйелдері  Одағының  Батыс  Қазақстан облыстық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне арналған шаралар аясында өткізілген «шахмат-дойбы» турнирінде А.И. Водяницкий 1-орынға ие болды.

2016.11.44

       Сондай-ақ Батыс Қазақстан медициналық колледжінің 100 жылдығына орай колледждер арасында ұйымдастырылған  спорттық жарысқа колледж командасы волейболдан ІІ орын, күш сынасудан І орынды иеленіп қайтты.

2016.11.45

гис-технологии
ткани для вышивания