free templates joomla

Оқу-әдістемелік жұмыс

 

 

      Білім беру жүйесін  оқу-әдістемелік қамтамасыз ету 

            Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінде оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстар қарқынды түрде жүргізіледі. Аталған жұмыс  ҚР «Білім туралы» Заңы, «Білім беру» мемлекеттік бағдарламасы, ҚР Үкіметінің қаулылары, Т және КБ  бойынша қағидалар мен Т және КБ мемлекеттік стандарттарына сәйкес  еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау сапасын арттыру, оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін  көтеру мақсатында ұйымдастырылады. Оқу-әдістемелік және ғылыми жұмысты жүргізу үшін колледже Әдістемелік кабинет жасақталған. Әдістемелік кабинет Әдістемелік кеңес, семинар, конференция, педагогикалық оқуларды өткізу және  ұйымдастырумен қатар, «Бастауыш педагог мектебі»  жұмысының, сондай-ақ  сабақ, дәрістердің әдістемелік деңгейін көтеретін орталық болып табылады. Бұл кабинет сабақ, семинар, дөңгелек үстелдер арқылы оқытудың жаңа технологияларын енгізу мақсатында қызмет атқарып келеді, колледждің педагог қызметкерлерін аттестаттау ісіне аса көңіл бөліп, тәжірибелі оқытушылардың жұмысын тарату және колледждің оқу-әдістемелік, ғылыми жұмысын ұйымдастырады. Аталған кабинеттің жұмысы «Оқытудың инновациялық әдістерін қолдану арқылы мамандарды даярлаудың сапасын арттыру жолдары» біртұтас әдістемелік тақырыбына бағытталған. 

 

         Әдістемелік кабинеттің бекітілген жұмыс жоспары негізінде келесі шаралар атқарылды:

 

         Әдістемелік кабинетте алдыңғы қатарлы оқытушылардың тәжірибесінен қор жасақталған. Бұл қорды келесі материалдар толықтырып отырады: ашық сабақ жоспарлары; әдістемелік баяндамалар, оқытушылардың шығармашылық папкасы «Портфолиолары», Электрондық портфолио, «Қазақстан кәсіпкері», «Соқпақ-Тропинка» ғылыми-әдістемелік журналдарының, «Жайық ұстазы», «Қазақстан мұғалімі», «Егемен Қазақстан», «Жайық үні» газеттерінің мерзімдік шығарылымдары, колледждің оқу-тәрбие үрдісінің видеотекасы, оқытушылардың басылым беттерінен жарық көрген мақалалары. Сонымен қатар кабинет Мультимедиялық проектор, Интерактивті тақта, кодоскоп, теледидар, компьютермен жасақталған. 

         Колледжде Әдістемелік кеңес жұмыс жасайды.Кеңесте баяндамалар, оқытушылардың шығармашылық есептері тыңдалып, жоспарлар мен ұйымдастыру сұрақтары талқыланады. Әдістемелік кеңес біртұтас әдістемелік тақырыпты жүзеге асыру бойынша педагогикалық ұжымның жұмысына, апталықтардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне аса көңіл бөліп, оқу-әдістемелік құралдар мен электрондық көмекші құралдардың орыс және мемлекеттік тілдерде даярлау мен басу ісін қарастырады. Үздік оқытушылардың тәжірибелерін тарату және жинақтау ісі  бойынша жұмыстар тыңдалады. Сондай-ақ әдістемелік кеңестің отырысында оқытушылардың оқу-әдістемелік және электрондық оқулықтары қарастырылады. Ағымдағы жылы колледждің тәжірибелі 3 оқытушысы   «Біліктілік беру және тенхикалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік республикалық орталығы» акционерлік қоғамымен  екі жақты келісімшартқа отырып, оқу-әдістемелік құралдар шығарды.

 

Оқу-әдістемелік құралдардың шығарылу көрсеткіштері 

                                                                           

 

Колледж оқытушыларының ғылыми басылымдар саныда жыл санап өсіп келеді.

 

                Ғылыми басылымдар саны 

                                                         

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

гис-технологии
ткани для вышивания