free templates joomla

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ

WEB-САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ:

«Еңбек нарығы қажеттіліктерінің қарқынды дамуы жағдайында сұранысқа ие, білікті мамандардың кәсіби және тұлғалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында сапалы білім беру қызметін ұсыну».

  

director2

Алимбеков Серик Ахметович

 Директор

Ветеринария ғылымдарының кандидаты 

     Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжі 2000 жылы құрылды.

Колледждің алға қойған мақсаты – еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді мамандар даярлау болып табылады. Қазіргі таңда колледжде техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономика салалары негізінде 25 мамандық бойынша мамандар даярланады. Сондай-ақ колледжде күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде студенттер білім алуда. Сонымен қатар колледжімізде жоғары білікті, студенттерге сапалы білім беруді және олардың шығармашылық қабілетін дамытуды мақсат еткен оқытушылар қызмет атқарады.

Бөлім туралы мәлімет (экономикалық бөлім)

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР  БӨЛІМІ

 

       Экономикалық бөлім 2000 жылы құрылды, ал 2014-2015 оқу жылында жалпы білім беретін бөлімімен біріктіріліп экономикалық және гуманитарлық пәндер бөлімі деп аталды. Бөлім төмендегі мамандықтар бойынша мамандарды дайындайды:

 - 0518000 «Есеп және аудит (салалар бойынша»

 - 0516000 «Қаржы (салалар бойынша)»

 - 0201000 «Құқықтану»

 - 0513000 «Маркетинг»

 - 0515000 «Менеджмент»

       Бөлімде 30 оқытушы жұмыс жасайды, оның ішінде 11 жоғары санатты, 12 бірінші санатты, 6 екінші санатты, 1 санаты жоқ оқытушы.    

       Экономикалық және гуманитарлық пәндер бөлімінің құрамында гуманитарлық пәндер циклдік комиссиясы және экономикалық және әлеуметтік-құқықтық пәндер циклдік комиссиясы жұмыс жасайды. Бөлімнің барлық оқытушылары аталған ПЦК-ң мүшелері болып табылады.

 

Бөлім меңгерушісі: Такесова Айымторы Калиматовна

-  жоғары санатты арнайы экономикалық пәндер

оқытушысы

 

                                               

 

Экономикалық және әлеуметтік-құқықтық           Гуманитарлық пәндер 

      әндер циклдік комиссия төрағасы:                циклдік комиссия төрағасы:

        Рахимгалиева Динара Кабуловна            Сагатова Гульнур Амангалиевна

    

Бөлім жұмысының негізгі мақсаты:

 - Экономикалық және құқықтық пәндерді оқыту арқылы болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру.

 - Білім сапасын және экономикалық, құқықтық пәндерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқушылармен жүргізілетін ғылыми -  практикалық жұмыстардың сапасын жетілдіру.

 - Экономикалық, құқықтық пәндерді оқытуда ақпараттық интерактивтік технологиялық мүмкіндіктерін пайдалану.

 - ҚР мемлекеттік саясатын насихаттау.

 - Қазақстандық патриотизмді, құқықтық сауаттылықты қалыптастыру.

 - Кәсіптік құзіреттілік деңгейін көтеру мақсатында ғылыми әдістемелік жұмыспен айналысу.

       Экономикалық және гуманитарлық пәндер бөлімінің  оқытушылары оқытудың инновациялық технологияларын дәстүрлі технологиялармен ұштастыра отырып қолданады.  Интернет желісінің ресурстарын пайдалану, білім сапасын тексеруде автоматтандырылған технологияны пайдалану арқылы оқу үрдісін жоғары дәрежеде өткізуге басты назарды аударады.

       Жыл сайын колледжде оқу жылының қорытындысы бойынша оқытушылар рейтингін жүргізу арқылы оқытушылардың жұмысына бағалау жүргізіледі. Оқытушылар рейтингі  оқу құралдарын шығару, мақалаларды жариялау, халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу, тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен оны жүзеге асыру, спорттық және мәдени шараларға қатысу және т.б. сол  сияқты сандық және сапалық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Осылайша, 2014-15 оқу жылының оқытушылар рейтингісінің қорытындысы бойынша  бөлім оқытушылары Аймашева А.Е. І-орынды, А.С.Жуматаева мен Г.А.Аймурзина ІІ-орынды, ал тәрбие жұмысы бойынша бөлім оқытушылары А.Қ.Азгалиева І-орынды, Л.А.Канаткалиева ІІ-орынды иеленді.

       Оқытушылар мен оқушылар оқу процесін ғылыми-зерттеу жұмысымен ұштастырып, жыл сайын өткізілетін оқытушылар мен студенттерге арналған  халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі өтетін ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға және т.б. ғылыми-зерттеу жұмысымен байланысты іс-шараларға қатысады.

       Әдістемелік кабинетінің ұйымдастырылуымен өткізілген шеберлік-класқа бөлім оқытушылары А.Е.Аймашева «Формирование познавательной самостоятельности на занятиях русского языка», А.С.Жуматаева «Travelling», А.Б.Халелова «Оқыту үрдісінде белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану» тақырыптарымен қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. 

       2015 жылдың 04 желтоқсанында «Оқытудың жаңа технологияларын пайдалану арқылы сапасын арттыру» тақырыбындағы колледжішілік семинарға бөлім оқытушылары А.Е.Аймашева, А.С.Жуматаева, Т.И.Павлова, А.С.Нурлубаева, З.Ш.Рамазанова баяндамаларымен қатысты.

       2015-2016 оқу жылында «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Педагогикалық ізденіс» атты IV Халықаралық оқытушылар сайысында «Сабақ» номинациясы бойынша бөлім оқытушысы Ж.К.Балуанова І-орынға,  «Сыныптан тыс жұмыстар» номинациясы бойынша бөлім оқытушысы А.М.Мукатаева,  А.Қ.Азгалиева, А.С.Жуматаева ІІ-орынға ие болды.

       «Махамбет оқулары-7» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына бөлім оқытушысы Г.А.Аймурзина қатысып, сертификат алды.

       Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдастырған «Білім беру инновациялары: ізденіс және шешімдер» атты ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына бөлім оқытушылары А.Е.Аймашева, Л.А.Канаткалиева және С.А.Жумашева мақалаларын жолдап, сертификаттар иеленді.

       «Қазақстан халқы Ассамблеясы-20 жыл: дін, дәстүр және халық бірлігі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясына бөлім оқытушылары А.Б.Халелова, Ш.У.Махметова, Г.А.Аймурзина қатысып, мақалалары жинақта жарық көрді.

       Бөлім оқытушысы Д.К.Рахимгалиева және «Есеп және аудит» мамандығының 2 курс оқушылары «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында  «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Ұлттық экономика министрлігі ұйымдастырған «Бизнес кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлер және кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындар үшін қысқамерзімді оқыту курсынан өтіп, сертификаттар иеленді.

       «Приуралье» газетіне оқытушы Ш.У.Махметованың «Профессионалы-гарантие будущего» атты мақаласы, «Жайық үні» газетіне оқытушы С.А.Жумашеваның «Он бес белесті артқа тастап...» атты мақаласы және оқытушы А.Қ.Азгалиеваның «Жайық үні» газетіне «Шоқан мұрасы жастарға үлгі» атты мақаласы жарияланды.

       2015 жылдың 13 қарашасында Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі базасында Ұлттық теңге күніне орай «Болашақ қаржыгерлер» атты колледжаралық интеллектуалдық ойында «Есеп және аудит» мамандығының 2 курс оқушыларынан құралған «Аверс» тобы жүлделі ІІ орынға ие болып, дипломмен марапатталды.

       Оқытушылардың тәрбие жұмысының мақсаты – сабақтан тыс уақытта оқушыларды әртүрлі мәдени және спорттық сипаттағы шараларға тарту арқылы олардың рухани тұрғыда дамуына және физикалық нығаюна ықпал ету.

       Бірінші курс оқушыларының арасындағы дәстүрлі денсаулық күніне орай өткізілген І-курс оқушылары арасында өткізілген спорттық шарада «Бір орыннан ұзындыққа секіру» (қыз балалар арасында) сайысы бойынша жүлделі І-орынды ПВ-911 топ оқушысы Хусмиденова М. иеленді.

       Бірінші курс оқушылары үшін «Бірінші курс байқауы-2015» дәстүрлі бөлімаралық сайысында «Режиссура-ең тартымды концерт» аталымы бойынша жеңімпаз, «Эстрадалық әндер» аталымы бойынша жеңімпаз, «Хореография» аталымы бойынша дипломант,  «Жүргізушілер» аталымы бойынша дипломант, жалпы командалық есепте жүлделі ІІ-орынды иеленді.

гис-технологии
ткани для вышивания