free templates joomla

Мамандықтарға сипаттама (экологиялық бөлім)

Экология және биотехнология бөлімі мамандықтары

 

Мамандық: 1514000 - «Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану»

       Біліктілік: Эколог

       Оқу мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл 10 ай, жалпы орта білім базасында 2 жыл 10 ай.

       Экологтің кәсіби  қызмет нышандары: су қоры, орман, балық, аңшылық шаруашылықтары бойынша қоршаған ортаны қорғау комитеттері, мемлекеттік мониторинг, табиғат объектілеріне мониторинг, ортаның мониторингі, ұйымдардың табиғат кешендері (қорықтар, қорғалымдар ж.б.), жергілікті атқару органдары, бақылау және қорғау қызметтері, мүдделі ұйымдар.

       Практика базасы:

       Джангалинская санитарно-эпидемиологическая станция;

       1. ГУ «Фитосанитария растительного покрова, плодородие почвы, развитие растений» ЗКО, Зеленовский филиал;

       2. Январцевское ГУ по охране лесов и животного мира;

       3. ТОО «Жайық Мұнай Газ»;

       4. АО «Западно-Казахстанская машиностроительная компания»;

       5. ТОО «Алатау-Алдан-Агро»;

       6. АО «Атырау Жарық»;

       7. ТОО «Орал Жер»;

       8. ТОО «Экожерұйық».

 

Мамандық: 1513000 - «Ветеринария»

       Біліктілік: Ветеринарлық фельдшер

       Оқу мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл 10 ай, жалпы орта білім базасында 2 жыл 10 ай.

       Ветеринарлық фельдшер кәсіптік қызмет нышандары: республикалық, облыстық, аудандық, қалалық мал дәрігерлік қызмет мекемелері, мемлекеттік мал дәрігерлік қызмет мекемесі, өндірістік және ауылшаруашылық бөлімшелері, жануар өнімдерін сараптау зертханалары.

       Практика базасы:

       1. БҚО, Бөкейордасы аудандық малдәрігерлік зертханасы;

       2. Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылдық ветеринарлық бөлімі;

       3. Атырау облысы, Қызылқоға аудандық вет.станциясы;

       4. Бірлік мал зауыты ЖШС;

       5. БҚО, Жаңақала аудандық вет.станциясы;

       6. Атырау облысы, Индер аудандық вет.станциясы;

       7. БҚО, Сырым аудандық вет.станциясы;

 

Мамандық: 1505000 - «Балық шаруашылығы»

       Біліктілік: Техник–балық өсіруші

       Оқу мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл 6 ай, жалпы орта білім базасында 1 жыл 6 ай.

       Техник–балық өсірушінің кәсіби қызметінің нышандары: құнды балық түрлерін және омыртқасыздарды қолдан өндіру және өсіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жобалау, су биологиялық ресурстарын тиімді пайдалануды қорғау және бақылау бойынша жұмыстар жасай алады.

       Практика базасы:

       1. Жәңгірхан атындағы БҚАТУ «Биотехнология және табиғатты пайдалану ғылыми зерттеу институты»

       2. “Аквамәдениеттің тәжірбиелік- өнеркәсіптік өндірісінің оқу- ғылыми кешені” ЖШС.

       3. Кублей ЖШС

       4. БҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы

       5. «ОРАЛ-КАСПИЙ» ЖШС

 

Мамандық: 1225000 - «Ет және ет өнімдерінің өндірісі»

       Біліктілік: Ет және ет өнімдері технологиясы бойынша техник-технолог

       Оқу мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл 6 ай, жалпы орта білім базасында 2 жыл 6 ай.

       Техник-технологтің кәсіби  қызмет нышандары: ет және ет өнімдерін өндіру кәсіпорындарында, ет өңдеу, ғылыми-зерттеу орталықтары, зертханаларда және стандарттау және сертификаттау орталықтары, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық орталық зертханашысы.

       Практика базасы:

       1. Теректі ауданы, «Айсұлу» ШҚ

       2. Ақжайық ауданы, «Бірлестік» ШҚ

       3. Ақсай қаласы, «Куандыкова Р.Н.» ЖК

       4. Орал қаласы, «Жайық-Ет» ЕӨМ ЖШС

       5. Орал қаласы, «Абирова С.К.» ЖК

       6. Ақжайық ауданы, «Ихсан» ШҚ

 

Мамандық: 1216000 - «Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама өндірісі»

       Біліктілік: Техник-технолог

       Оқу мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл 6 ай, жалпы орта білім базасында 2 жыл 6 ай.

       Техник-технологтің кәсіби  қызмет нышандары: астықты өңдеу және сақтау технологиясы, жармалық және құрамажем өндірісі, нан және нан өнімдері бойынша кәсіпорындарында, сондай-ақ  ғылыми-зерттеу орталықтары, өндірістік зертханаларда және стандарттау және сертификаттау орталықтары.

 

Мамандық: 1224000 - «Сүт тағамдарының өндірісі»

       Біліктілік: Техник-технолог

       Оқу мерзімі: негізгі орта білім базасында 2 жыл 10 ай, жалпы орта білім базасында 1 жыл 10 ай.

       Техник-технологтің кәсіби  қызмет нышандары: сүт өндіру кәсіпорындарында, сүт өңдеу, ғылыми-зерттеу орталықтары, зертханаларда және стандарттау және сертификаттау орталықтары, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық орталық зертханашысы.

       Практика базасы:

       1. Агрокомплекс «Жастық» ЖШС

       2. «Береке» ЖШС

       3. «Қараөзен» ЖШС

       4. «Розметов» ЖШС

       5. Маңғыстау облысы, «Құрман» ЖШС

гис-технологии
ткани для вышивания