Білім беру ұйымының атауы | «Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі» МЕББМ |
Оқу орнының заңды мекенжайы | Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық даңғылы 215 үй. Телефон: 8 (7112) 513531, web-сайт: www.wкetc.kz |
Колледжде оқытылатын мамандықтар |
|
Директор | Алимбеков Серик Ахметович |
Жалпы көлемі | Жалпы көлемі 9359,5 м2, оның ішінде тиімдісі – 5132,2 м2. |
Оқушылар саны | 1527 |
Оқу материалдық базасы | 66 - оқу аудиториялары 3 - шеберхана 13 - зертхана 5 компьютерлік сынып 1- мәжіліс залы 1 спорт зал |
Инженерлік-педагогикалық құрамы | Барлығы 126 адам қызмет атқарады, оның ішінде оқытушылар саны – 83, техникалық қызметкерлер саны – 43 адам. |
Жатақхана | 1 жатақхана 200 орындық |
Асхана | Асхана – 150 орындық |
Жұмысқа орналастыру | 2014 жыл бойынша түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші –78,8% |
Жетістіктер | 2013 жылы Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында өткізілген «Ең үздік әдістемелік қызметі” атты облыстық байқауда Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі жүлделі II орынды иеленді. |
2014 жылы Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында өткен «Әлеуметтік серіктестермен жұмысты жүйелі ұйымдастырған колледж” атты облыстық байқауда Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі жүлделі II орынды жеңіп алды. | |
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының шығарған 2014 жылдың қорытындысына сай, колледждердегі туристік-өлкетану, экологиялық қызметінің дамуына байланысты рейтингісі нәтижесінде, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі III орыннан көрінді. | |
Колледж оқушыларынан құралған «Назар аудар» жайдарман тобы Республика деңгейінде өз өнерлерін жұртшылыққа үлкен сахналарда паш етіп, колледжіміздің атын биікке шығарып жүр. | |
2014 жылдың қорытындысы бойынша колледждің белсенді оқушыларынан құралған «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі БҚО жастар сыйлығының «Ең үздік жастар ұйымы» аталымы бойынша жеңімпаз болып, жыл үздігі атанды. | |
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2014 жылы колледждің қол жеткізген жетістіктерінің қорытындысына сәйкес,шығарған рейтингісі нәтижесінде колледжіміз облысымыздағы 38 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында жалпы есепте IV орыннан көрінді. |
Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» әлеуметтік жобасы негізінде 2015-2016 оқу жылына төмендегі мамандықтар бойынша талапкерлерді оқуға қабылдайды.
1513000 – Ветеринария
«Мәңгілік Ел жастары - индустрияға» әлеуметтік жобасы негізінде оқуға түскен білім алушыларға келесідей жағдайлар жасалады.
- Мемлекеттік білім гранты бойынша білім алады;
- Шәкіртақы төленеді;
- Жатақханамен қамтамасыз етіледі;
- Күніне 2,3 мезгіл ыстық тамақ беріледі;
- Жолақылары төленеді;
- Қыстық киіммен қамтамасыз етіледі.
Колледжге түсу үшін қажетті құжаттар:
- өтініш;
- аттестат;
- 3х4 көлеміндегі 4 фото;
- медициналық анықтама (086-у үлгісі), флюро түсірілім;
- медициналық анықтама (063-у үлгісінің көшірмесі, күндізгі оқу түрі үшін);
- жеке куәлік немесе туу туралы куәлік көшірмесі;
- жанұя құрамы жөнінде анықтама немесе үй кітапшасының көшірмесі.
Өтінішті қабылдау мерізімі:
Күндізгі бөлім үшін 20 маусымнан 20 тамыз аралығы;
* Колледжге қабылдау 11 сынып негізінде бітірушілерге колледжде өткізілетін кешенді тестілеу қорытындысы бойынша немесе ҰБТ нәтижесінде жүзеге асырылады.
БАРЛЫҚ СҰРАҚТАР БОЙЫНША ТЕЛЕФОНДАР
Біздің мекен жайымыз: Орал қаласы, Достық даңғылы 215
Қабылдау комиссиясы: Ықсанов көш 44/1
тел/факс: (7112) 51-35-31, тел.: (7112) 50-98-14.
Сахиев Болатбек Жеткергенович – 87018507506
www.wketc.kz, [email protected]