free templates joomla

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ

WEB-САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ:

«Еңбек нарығы қажеттіліктерінің қарқынды дамуы жағдайында сұранысқа ие, білікті мамандардың кәсіби және тұлғалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында сапалы білім беру қызметін ұсыну».

  

director2

Алимбеков Серик Ахметович

 Директор

Ветеринария ғылымдарының кандидаты 

     Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжі 2000 жылы құрылды.

Колледждің алға қойған мақсаты – еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді мамандар даярлау болып табылады. Қазіргі таңда колледжде техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономика салалары негізінде 25 мамандық бойынша мамандар даярланады. Сондай-ақ колледжде күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде студенттер білім алуда. Сонымен қатар колледжімізде жоғары білікті, студенттерге сапалы білім беруді және олардың шығармашылық қабілетін дамытуды мақсат еткен оқытушылар қызмет атқарады.

          Жаңалықтар        

             2017 жылдың сәуірдің 7-ші күні колледжі оқушыларына арналған «Зат есім» электронды оқулығын жасау бойынша облыстық байқауында ПОВТ-941 топ оқушысы А.Е. Болатов Adobe Flash бағдарламасында жасалған жобасы үздік танылып, қорғаған жұмысы бойынша  I  орын иеленді. Ғылыми жетекшілері - арнайы пән оқытушысы Г.К. Кудабаева және қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы А.Б.Халелова.

2017.04.1   2017.04.2

             2017 жылдың 8-ші сәуір күні 2017-2018 оқу жылына талапкерлерді қабылдау үшін кәсіби бағыт-бағдар беру жүзеге асыру аясында мектеп оқушыларына ашық есік күндері  өткізілді.

2017.04.3   2017.04.4
   2017.04.6

       2017   жылдың  15-ші  сәуір  күні  «ҒЫЛЫМ  және  БІЗ»  ғылыми-практикалық конференцияғылыми проблемалармен айналысатын  қалалық мектеп оқушыларының  қатысуымен өтті.

    2017.04.7   2017.04.8
2017.04.9   2017.04.10

     Сәуір айының 10 мен 14 күні аралығында колледжішілік «Үздік жас оқытушы» байқауыөткізілді. Экономикалық және гуманитарлық пәндер бөлімінің оқытушысы Г.М.Батырниязова 1 орын, техникалық бөлім оқытушысы М.М. Укасова 2 орын , ал экология және биотехнология бөлімінің оқытушысы Г.Х. Джубанышева 3 орынды иеленді.

2017.04.11   2017.04.12
2017.04.13

             2017 жылдың 17-ші сәуір күні колледжде бөлім аралық студенттер арасында волейболдан сайыс өтті.

2017.04.14   2017.04.15

             4 сәуір күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасындағы   «Жастардың ғылыми-ізденісі- Қазақстанның болашағы» атты облыстық ғылыми-техникалық оқуларына Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі, мұнай-газ және стандарттау бөлімінің студенті Культюшнова Анастасия  (жетекшісі - Н.М. Жумагалиева) қатысып, жаңашыл аталымымен марапатталды.

2017.04.16

          Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік арнайы пән оқытушысы» атты сайысқа оқытушылар қатыстыру мақсатында 12-18 сәуірде «Үздік арнайы пән оқытушысы» атты колледжішілік сайыс өтті. Нәтижесінде, экология және биотехнология бөлімінің оқытушысы Э.К. Каримова 3 орын, мұнай-газ және стандарттау бөлімінің оқытушысы Г.Г. Беркалиева 2 орын, ал мұнай-газ және стандарттау бөлімінің оқытушысы А.Н. Жумашева 1 орынды жеңіп алды.
          «Үздік арнайы пән оқытушысы» байқауы 21 сәуір күні Тайпақ колледжінде өткізілді. А.Н. Жумашева қатысып, жүлделі 2 орынды иеленді.

2017.04.17

          26  сәуір  күні  М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  университетінде  «Парасыз болашаққа бірге акциясы» өткізілді. Осы шараға колледжімізден ВТ-921 студенттерімен оқытушы Г.Х.Джубанышева  ат салыса қатысты.

2017.04.18   2017.04.19

1225000-Ет және ет өнімдерінің өндірісі

1. Мамандық атауы: 1225000 - «Ет және ет өнімдерінің өндірісі» (түрлері бойынша)
Классификация - 1225113 -  Техник - технолог

2. Ұқсас мамандықтар:
       Техник - технолог,  Ет  және  ет  өнімдерін  өндіру  кәсіпорындарында,  ет  өңдеу, ғылыми-зерттеу  орталықтары,  зертханаларда  және стандарттау және сертификаттау орталықтары, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық орталық зертханашысы

 

3. Кәсіби қызмет саласы: Бұл мамандықты бітірушілер ет өңдеу цехтарында, зертханаларда зертханашы болып жұмыс істей алады.

 

4. Мамандықтын біліктілігі.
Ет өңдеу өндірісінде техник-технолог:
   √ Еңбек   бойынша   мамандық   түрі:  технологиялық  тізбекпен  өндіріс  саласында техникамен байланысқан  «Адам-техник» болып саналады.
   √ Кәсіптің мақсаты бойынша: мамандықты іздестіру, бейнелеу қызметі.
    Еңбек  арқылы кәсіп түрі:  автоматтандырылған техника жүйесін қолдану арқылы функционалдық қаражатты игеру болып табылады.
    Кәсіптер еңбек белгісіне қарай: Ерекше шарттары
   Мамандық  класы:  Техник-технолог  кәсібін  жүзеге асыру бағытында стандартты тапсырмаларды  орындау  үлгісін  болжау  және  нормативтик  нұскауларды  бағытау

2

5. Мамандықтың сипаттамасы:
      1225000 «Ет және ет өнімдерінің өндірісі» мамандығының студенттері колледжде оқу  барысында  алған  білімін  қолдану  арқылы  өндірісте  шығарылатын  өніміннің барлық  түрлері  және  әр  түрлі  күрделілігі  бойынша  жұмыстарды  қамтамассыз ете отырып  бәсекеге  қабілетті  өнім өңдіру,  материалдық еңбек шығындарын қысқарту, жобалауда    автоматтандыру   құралдарын   қолдана   отырып   озық   технологиялық процестерді  енгізуде  автоматтандыру  және  механикаландыру құралдарын оңтайлы режимдерін тиімді пайдалануы тиіс.

    

6. Маманға қойылатын ерекше талаптар:
   - назар аудару;
   - жақсы есте сақтау;
   - ұқыптылық;
   - коммуникативті қабілеті;
   - қол моторикасы;
   - жауапкершілік;
   - орындаушылық;
   - байсалдылық;
   - шыдамдылық;
   - терең ойлау;
   - тез ойлау;
   - үйлестіру;
   - қозғалу координациясы.

 

7. Медициналық қарсы көрсетілімдер:
   - қозғалысты шектейтін аурулар;
   - қолдың үйлесімділігінің бұзылуы;
   - психикалық және жүйке жүйесі аурулары;
   - көру және есту қабілетінің бұзылуы;
   - коммуникабельді.

 

8. Кәсіптік дайындыққа қойылатын талаптар:
Мамандандырылған ет өңдеу өндірісінің техник -технологі білуі қажет:
   - ет өндірісінде заңдарды, жарлықтарды, қаулыларды және нормативті актілерді;
   - ет өндірісінде шикізаттарды даярлау бағытында жаңа технологияларды қолдану;
   - ет өнімінің сапасын бақылау әдісін қолдану;
   - өндірісте өрт қауіпсіздігімен санитарлы еңбекті қорғау ережелерімен нормаларын сақтауды білу.
      Мамандандырылған ет өңдеу өндірісінің техник –технологі істей білуі керек:
   - жартылай  фабрикаттарды,   қосымша  материалдарды   және   шикізат   нормасын есептеуді;
   - техникалық құжатты жүргізуді;
   - ет  өндірісіне  қатысты  технологиялық  құжаттарды және бағдарламаларды,  жеке компьютері болуы тиіс.

 

9.  Қолданылу саласы:
   • Өндірістік қызметіндегі ет өнеркәсібі;
   • Есептік техникалық құжаттар;
   • Бастапқы еңбек ұжымдары.

 

10. Еңбек шарты:
   √ Ет өңдеу өнеркәсіп кешені;
    Ет өңдеу цехы.

 

11. Кәсіптік қауіп:
       Технологқа  көптеген  технологиялық әдістерді ылғалдылығымен температурасы жоғары   жағдайда   болатын   бөлмеде  бір орында  тұрып  ұзақ  уақыт  бойы  қолмен жасауға тура келеді.
       Әрдайым  жинақы  және  зейінді  жағдайда  кешкі  және  түнгі  ауысымда  жұмыс істеуге   тура   келеді.   Үнемі   медициналық   тексеруден  өту  кәсіби  қауіп  қатердің қажеттілігін негіздейді.

 

12. Талап етілетін кәсіптік білімдер:
       Техник-технолог  біліктілігін меңгеру үшін үшін ең алдымен орташа кәсіби білім 122500 - «Ет және ет өнімдерінің өндірісі (түрлері  бойынша)»  мамандығы  бойынша арнаулы білім алу қажет

 

13. Мансаптық өсу:
       Қосымша   білім   алу   негізінде   өндірістік   маманды   жетік  білуі  және  кәсіби тәжірибе жинау барысында мастерлік жағдайының өсуімен байланысты.

1304000-Есептеуіш техника және бағдарламалық

1. Мамандық атауы: 1304000 – «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамсыз ету»
Біліктілік: 1304043 – Техник-программист

2. Ұқсас мамандықтар:
       Техник, инженер-систематехник, ақпараттық жүйе мамандары, IT-администратор, ДК операторы,  желі администратор, веб-дизайнер,  веб-өндеуші.

 

3. Кәсіптік қызметтік саласы:
   • Ақпараттық технология
   • Байланыс

 

4. Мамандықтын біліктілігі:
   • Еңбек пәні бойынша кәсіптердің түрі:  программист  сандармен және кодтармен жұмыс   істейді,  сондықтан  «Адам  белгілік  жүйе»  ілімімен  байланысты,  сонымен қатар     «Адам -Техника»     жүйесіне     жатқызуға     болады,     себебі     техникалық құрылғыларды құрастырумен және жинаумен монтаждаумен айналысады.
   • Кәсіптер түрінің белгісі бойынша мақсаттары: ізденушілік
   • Кәсіптер еңбек белгісіне қарай:  мамандық  автоматтандырылған  жүйемен және автоматтандырумен байланысты.
   • Кәсіптер еңбек жағдайы: бөлме жағдайында жұмыс істеу
   • Маман класы:  өнерлі;  мамандықтың еңбек мінезі анализ жасаумен байланысты, жоспарлау, ұйымдастыру және басқару, стандартты емес шешім қабылдау, мамандық жоғары эрудицияны қажет етеді,  ойлау қабілетінің жоғары болуы, оқуға және білуге үйренуге ұмытылу.

 

5. Мамандықтың сипаттамасы:
       Программист  –  алгоритмдерді    өңдеу,    математикалық    модельдер    арқылы компьютерлік бағдарламаларды құру.
       Бағдарламашылардың  негізгі  қызметі:  бағдарламаларды  өндеу,  жобаларды құру, бағдарламалық қамтамасыздандыру.

 

Программистердің негізгі қызметтері мыналар жатады:
   • бағдарламаны өңдеу,  алгоритм құру, есептеу техникасы құралы арқылы қойылған мақсаттарға жету ;
   • Енгізу, шығару схемасы, ақпаратты аңықтау және өңдеу;
   • Программамен жұмыстанғандағы құжаттық нұсқаулар, техникалық құжаттарды безендеру;
   • Бағдарлама және бағдарламалық құрылғыларды ендіру;
   • Бағдарламалық қателіктерді табу.

 

6. Маманға қойылатын ерекше талаптар:
       Программист ұқыпты,  ілтипатты,  мақсатына  жете білетін,  өзі шешім қабылдай алатын, жауапты, шыдымды, табандылық қасиеттерге ие болу керек.

 

       Программистің     кәсіптік    сапасына    мыналар    жатады:     логикалық    ойлау, математикалық   және  логикалық  қабілеті,   ептілік  және  икемділік,   аналитикалық ойлау қабілеттілігі.

 

7. Медициналық қарсы көрсетілімдер:
   • Психологиялық күйзеліс;
   • Төменгі интеллект;
   • Көздің нашар көруі;

 

8. Кәсіптік дайындыққа қойылатын талаптар:
      Программист мыналарды жақсы білу керек: программалау тілдерін, есептеуіш және  ақпараттық  жүйелердің  негізігі архитектурасын, мәліметтер қорының қолдану негізін,   формальді    әдістерді,    программаны    өңдеудің    технологиясымен    және құралдарын,    модельдеу    негіздерін   және   бағдарламалық   жүйелердің   анализін, жобалаудың    архитектурасын,      консепциясын,      стратегиясын,      программалық қамтамсыздандырудың    верификациясын,    программаның    сапасын   ақпараттық -технологиялық   және  технологиялық  жүйенің  негізгі  стандартын,   бағдарламалық қауіпсіздіктің әдістерін және құрылғыларын. 

 

       Программист  істей  білу  керек:   орнату,   бағдарламалық  құралдары  тестілеу және   пайдаланану,   операциялық   жүйенең   конфигурациясын  орнату,  мәліметтер қорының     схемасын    дамыту,    қойылған    талаптарды    көрсету    және    дамыту, бағдарламалық  қамтамсыздандыруды  жобалау,  бағдарламалық  құжаттарды  негізін дамыту,   заманауи  бағдарламамен  жұмыстану,   бюджетті  бақылау,   бағдарламаны жобалаудың   уақытын   және   қауіпсіздігін,    операциялық   жүйелердің   ортасында жұмыстынуды және оларды басқару.

 

9. Қолданылу аясы:
       Бүгінгі   таңда   программист   қажетті   мамандықтың   бірі.   Осы   мамандық  әр мекемеге   қажет.   Программист  арнайы  IT-компанияларда   және   web-студияларда жұмыс істей алады. 

 

10. Еңбек шарты:
       Программист  өзі  жұмыс  істей  алады  (мекемелерде  және  фирмаларда жүйелік администратор)  немесе ұжымда  (IT-компания).
       Программист тапсырыс алып үйдеде жұмыс істей алады.
       Программисттер   жұмыс   уақытын   ғимарат   ішінде   өткізеді.   Жұмыс  уақыты отыруға  бейімделген.  Программист  интернетке  қосылған персональді компьютерді пайдаланады.   Жұмыс   орны   жарық,   желдетілген  болу  керек.  Программистердің арнайы киім үлгісі жоқ.

 

11. Кәсіптік қауіп:
       Үнемі компьютерде отырғандықтан бел және мойын омыртқаларына зақым келуі көздің көруінің нашарлауы, стрестік және депрессиялық қалыпқа түсуі.

 

12. Талап етілетін кәсіптік білімдер:
       «Техник - программист»,   біліктілігін  алу   үшін  1304000 – «Есептеуіш  техника және  бағдарламалық   қамтамсыз  ету»   мамандығы  бойынша  кәсіптік  білімі   болу қажет.

 

13. Карьерлік даму:
       Біліктілікті  ұдайы  көтеру қажеттілігі мамандықтың ерекшелігі болып табылады, өйткені  бағдарламалау  күшті  дамып  келе  жатқан  аймақтардың бірі.  Программист үнемі жаңа технологияларды меңгеріп, оның қазіргі жағдайдайынан хабардар болып, технологияның қазіргі жағдайына тез бейімделуі тиіс.
       IT-компанияларда  жұмыс  жасаған  жағдайда  карьераның  басқарушылық  жолы болуы   мүмкін.    Бұндай   жағдайда   мысалы   «IT-технология  бойынша  менеджер» мамандығы бойынша қосымша білім алу керек.

1510000-Ауыл шаруашылығын механикаландыру

1. Мамандық атауы: 1510000 - «Ауыл шаруашылығын механикаландыру»

 

2. Ұқсас мамандықтар:
       Жөндеуші-слесарь,  мал  өсіру  кешендері  мен  механикаландырылған  фермалар операторы,  механикаландыру технигі  

 

3. Кәсіби қызмет саласы:
   - ауыл    шаруашылығы    саласында     қолданылатын    машиналар,    механизмдер, қондырғылар және басқа да технологиялық жабдықтар;
   - «В» және «С» санатты автомобильдер;
   - техникалық   қызмет  пен  жөндеуге   арналған   стационарлық  және  жылжымалы құралдар;
   - ауыл  шаруашылығы   саласында   қолданылатын  машиналар  мен  механизмдерді дайындау,  пайдалану  және  техникалық қызмет пен диагностикалау жұмыстарының технологиялық процестері,
   - ауыл    шаруашылығына    арналған    процестерді    ұйымдастыру   және    басқару құрылымдық бөлімшесі;
   - бастапқы еңбек ұжымдары.

2

4. Мамандықтың жіктелімі:
       Еңбек    құралы    бойынша    кәсіптің    түрі:   техникалық   құралдарды   құру,  монтаждаумен, құрастырумен және реттеумен байланысты мамандықтарды қамтиды
       Мақсаты   бойынша   кәсіптің   түрі:    "Адам - техника"   түріндегі   түрлендіру қызметтері
       Еңбек ауқымы бойынша кәсіптің түрі:  автоматтандырылған  және  автоматты жүйелерін қолдануына байланысты мамандық, сондай-ақ қолмен, машинамен еңбектену

 

5. Мамандық сипаты:
       1510000     "Ауыл    шаруашылығын    механикаландыру"    ауыл    шаруашылығы өнімдерін  өндіруді  ұйымдастыру  және  диагностикалау  технологиясы,  техникалық қызмет  көрсету,  жөндеу  және  машина - трактор  паркін  сақтау,  автомобиль  көлігі меемелерінің      және       мал       шаруашылығы       фермаларының       жабдықтарын ұйымдастыруды, білікті орта буын мамандарын дайындауды жүзеге асырады.
       Түлектер    ауыл     шаруашылығы     кәсіпорындарының     өндірістік - қаржылық қызметін   экономикалық   талдау   және   олардың   инженерлік-техникалық  қызмет, машиналар   мен   жабдықтарды  пайдалану  көрсеткіштерін,   инженерлік  шешімдер тиімділігін негіздеу әдістерін меңгереді.

 

6. Маманның жеке ерекшеліктеріне қойылатын талаптар:
   - автомеханикаға қызығушылық;
   - практикалық ақыл-ой жүйесі;
   -техникалық ойлау;
   - бақылаушылық;
   - ақауды есту арқылы анықтау қабілеті;
   - көзбен өлшеу қабілеті;
   - қолдары шебер;
   - физикалық төзімділік;
   - жауапкершілік;
   - ұйымдастырушылық қабілеті.

 

7. Медициналық шектеулер:
   - қозғалыс диапазонын шектейтін аяқ-қолдың ауруы;
   - өкпе аурулары;
   - тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуы.

 

8. Кәсіби дайындығына қойылатын талаптар:
   - ауыл  шаруашылық  агрегаттары,  қондырғылары,  машиналар  мен  жабдықтарды бұзу-құрастыру және ақауларды жөндеу жұмыстарын орындау,
   - жөндеу   процесінде  бөлшектер  мен  күрделілігі  әр  түрлі  тораптарға  слесарлық өңдеуді орындау;
   - құрастыру  және  жөндеу үшін күрделілігі әр түрлі құрал-жабдықтарды дайындау;
   - жөндеу-технологиялық жабдықты пайдалану дағдыларын игеру;
   - жөндеу және жинау техникасы жұмыстарынан кейін реттеуді орындау;
   - персоналдың жұмысын басқару;
   - қауіпсіздік техникасы сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
   - стандартты емес жабдықтарды әзірлеуді бақылау мен ынталандыру;
   - жекелеген   жаңа   агрегаттар    және    жаңа    механикаландырылған    кешендерді өндіріске енгізу;
   - қолданылатын технологияларды мақсаттылығын бағалай білу.

 

9. Қолданылу аясы:
   - әр  түрлі   меншік  нысанындағы  ауыл  шаруашылығы,  автокөлік,  жөндеу,  қайта өңдеу кәсіпорындарында;
   - конструкторлық-технологиялық және ғылыми ұйымдарында;
   - техника     өндіретін     зауыттардың     фирмалық,      сервистік     және     дилерлік орталықтарында;
   - материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесінде;
   - автотракторлық,  ауыл  шаруашылығы  және  қайта  өңдеу техникасымен, қосалқы бөлшектермен,       жинақтаушы       бұйымдармен      және      пайдалануға       қажетті материалдармен көтерме және бөлшек сауда орталықтарында.

 

10. Еңбек жағдайы:
       Ауа  райына  қарамастан,   үй-жайда  және  ашық  ауада  техник-механик  ретінде жұмыс  істейді.  Егістік  жұмыстары  кезінде  және  басқа да жағдайларды жоспардан тыс жұмыс жасауға тура келеді.

 

11. Кәсіби тәуекелдер:
       Өндірістік  жарақат   алу   қаупі   мол:    ауыр   заттарды   көтеру   немесе   құлату кездерінде,   көзді   жарақаттау,   ауыр   жабдықтарды   көтеру  кезінде  бұлшық   етті, сүйекті  жарақаттау,  күю,  кесу  және ақаулы жабдықтармен жұмыс істеу кезінде тоқ әсерінен есеңгіреу қаупі бар.  Шу және діріл, химиялық әсердің де денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін.

 

12. Қажетті кәсіби білім:
       "Техник – механик"   біліктілігін    алу   үшін   1510000 - "Ауыл   шаруашылығын механикаландыру" мамандығы бойынша білім алу керек.

6

13. Мансаптық өсу
       Техник - механиктің   мансаптық  өсуі  жөндеу  бригадаларында  машиналар  мен механизмдерге техникалық  қызмет көрсету арқылы жұмыс тәжірибесін жинақтап, өз білімдері  мен  дағдыларын  жетілдіре  отырып,  өз  саласында  жоғары  білім  алумен байланысты болуы мүмкін.

1505000-Балық шаруашылығы

1. Мамандық: 1505000 – «Балық шаруашылығы»
Біліктілігі: 1505043 – Техник –балық өсіруші

2. Ұқсас  мамандықтар:   зоотехник,   балық  өсіру  бойынша  зооинженер,  биолог -ихтиолог

 

3. Кәсіби қызмет саласы: Агроөнеркәсіп кешені

 

4. Мамандықтын біліктілігі.
   Еңбек пәні бойынша кәсіптердің түрі:  техник - балық  өсірушінің негізгі қызметі балықтармен тікелей байланысты, соған сәйкес мамандық еңбек саласы бойынша «Адам-табиғат» типіне жатады.
   Кәсіптер түрінің белгісі бойынша мақсаттары: мамандықты іздестіру
   Еңбек құралы бойынша мамандық типі: қол көмегімен
   Кәсіптер еңбек белгісіне қарай: зауыттық жағдайда және ашық аспан астында
   Мамандық классы: атқарушы

 

5. Мамандықтың сипаттамасы:
       Техник – балық өсіруші – тоғандық және зауыттық  жағдайда тауарлық балықтар мен басқада гидробионттарды өсіру бойынша маман.
       Техник-балық өсірушінің негізгі қызмет түрлері:  өсіру материалдарын, тауарлық балықтарды  және  басқа да аквакультура  объектілерін  көбейту және өсіру бойынша кәсіпорындардағы  технологиялық  процестерді  ұйымдастыру  және  бақылау; балық шаруашылығы су қоймаларындағы  қоршаған  орта  факторлары  жағдайына бақылау жүргізу;  балықтарға  толықтай биологиялық талдау, паразитологиялық тексеру және ихтиопатологиялық   зерттеулер  жүргізу;  су  қоймаларының  балық  жағдайын  және азық қорын бағалау. 

Техник-балық өсірушінің негізгі міндеті:
   - жасанды жолмен өндіргіштерден уылдырықтар мен шоғалдарды алу әдісін білу;
   - жасанды ұрықтандыру бойынша операцияларды жүргізу;
   - уылдырықтарды инкубациялауды жүргізу;
   - судағы газдардың жағдайын анықтау;
   - су қоймаларына балықтарды жіберу.

      

6. Маманға қойылатын ерекше талаптар:
   √ мұқият   көңіл   бөлу    (балықтың  жағдайын  бақылау  кезінде  көп  жағдайларды бақылауды қамтамасыз ету);
    тұрақты және таңдаулы көңіл бөлу (балықтарды іріктеу кезінде қажет);
    қосымша көңіл бөлу (азықтандыру кезінде);
    жақсы денсаулық, физикалықтөзімді;
    жақсы есте сақтау (икемді қозғалысты қамтамасыз етеді).

 

7. Медициналық қарсы көрсетілімдер:
    ревматизм,
    тыны салу және қан айналым мүшелерінің аурулары;
    тірек-қимыл аппаратының қызметінің бұзылуы;
    жұқпалы және тері аурулары, аллергия;
    көру мүшелерінің күрделі ақаулары кезінде.

 

8. Кәсіптік дайындыққа қойылатын талаптар:
Техник-балық өсіруші білуі тиіс:
   - балық түрлерін, физиологиясын және биологиясын;
   - дамудың түрлі сатыларындағы балықтарды өсіру процестерін;
   - азық түрлерін, оларды дайындау және балықтарды азықтандыру әдістерін;
   - тоғандарды өңдеу тәсілдерін, су қоймаларын құру үшін геология элементтерін;
   - балықтарды аулау тәсілдері мен ережесін, оларды іріктеу;
   - асылдандыру жұмыстарының тәсілдерін;
   - метеорология элементтерін. 

Техник-балық өсіруші істей алуы тиіс:
   - минералды және органикалық тыңайтқыштарды дұрыс қолдану;
   - талдауға арналған планктон сынамаларын ережеге сәйкес алу және бекіту;
   - балықтарды су қоймаларына жіберу;
   - судағы газдарды анықтау;
   - жасанды жолмен өндіргіштерден уылдырықтар мен шоғалдарды алу әдісін білу;
   - жасанды ұрықтандыру бойынша операцияларды жүргізу.

 

9. Қолданылу саласы:
       Техник - балық     өсіруші     балық     өсіру     зауыттарында,      ғылыми - зерттеу институттарында,   зоодүкендерде,  жануарларды  қорғау  бойынша  инспекцияларда, тағамдық    балық    өнімдерін    өңдеу    және    шығару    бойынша    кәсіпорындарда, балықтарды  өндірістік  көбейту  бойынша  тоған  шаруашылықтарында, көлдерде, су қоймаларында жұмыс жасай алады.

 

10. Еңбек шарты:
       Техник - балық  өсіруші  бірнеше  мамандардан  тұратын ортада жұмыс жасайды. Балық өсірушілер ғимараттарда және ашық аспан астында да жұмыс жасайды. Балық өсірушілер үшін арнайы киімдер қарастырылған.

 

11. Кәсіптік қауіп:
       Жұмыс   процесі   кезінде   жұмысшыларға    қауіпті    және    зиянды    өндірістік факторлар   әсер   етуі   мүмкін:    қозғалмалы    транспорты    құралдар,    машиналар, механизмдер;  жүк көтеру транспорттарының, өндірістік құрылғылардың қозғалмалы бөліктері;  жұмыс  аймағының  жоғарғы  немесе  төменгі  ауа  температурасы; жұмыс аймағының    жоғары    шуылы;     жарықтың    әлсіздігі;    сыртқы    метеорологиялық факторлардың әсер етуі (жел, жауын-шашын т.б.), физикалық күш түсу.

 

12. Талап етілетін кәсіптік білімдер:
    «Техник-балық өсіруші» мамандығын игеру үшін 1505000 «Балық шаруашылығы» мамандығы бойынша орта кәсіби білімі болуы тиіс.

 

13. Мансаптық өсу
       Мамандық  бойынша  жоғары  білім  алу  арқылы техник-балық өсіруші ихтиолог маманы бола алады. Сонымен бірге маман жеке кәсібін ұйымдасытыруы мүмкін.

1511000-Жерге орналастыру

Мамандық атауы: 1511000 «Жерге орналастыру»
Біліктілік: 1511033 – Техник

2. Ұқсас мамандықтар:
       Топограф, геодезист

 

3. Кәсіби қызмет саласы:
   - жер    қатынастары    саласындағы   жерді   пайдалану   және   қорғауда   құқықтық нормаларды іске асыруды қамтамасыз ету;
   - республиканың жер ресурстары;
   - әкімшілік-аумақтық  және аумақтық бірліктері;
   - жер санаттары;
   - жер түрлері;
   - жер участкелері.
       Жерге    орналастырушылар    мемлекетік    жобаларда    және   ғылыми – зерттеу институттарында,   Жер    қатынастары    саласындағы   арнайы    мамандандырылған фирмаларда жұмыс жасай алады.

2

4. Мамандықтың жіктелуі:
   • Еңбек түрі - бақылау
   • Кәсіптік бағдар - адам - табиғат
   • Қызмет ауқымы– Ауыл шаруашылығы
   • Еңбек ауқымы– Табиғат ресурстары 

 

5. Мамандықпен таныстыру:
       Жерге   орналастыру  -  мемлекеттегі  жер  қатынастарын,   жерді  пайдалану  мен қорғауды    ұйымдастыруға,    сондай - ақ    жерді    қорғау   және   тиімді    пайдалану бағытындағы басқа да жерге орналастыру іс-шараларын жүргізу  жүйесі.
       Осы  мамандық  бойынша  мамандар  даярлау   нақты   кәсіби   құзыреттіліктерін қалыптастыруға  негізделген,  сонын  ішінде  жер ресурстарын пайдаланудағы казіргі жай-күйін  зерттеу  және  жерді  пайдалану мен қорғау тиімділігін арттыру жолдарын анықтаудағы   білім   мен   дағдыларына,  жерге  орналастыру  мақсатындағы  зерттеу және    ізденіс    жұмыстарын    орындауға,     ауыл    шаруашылығын    ұйымдастыру аумағындағы  жердi  қорғау  мен жақсарту жұмыс жобасын өңдеуге; жерді пайдалану мен  қорғау   аумағындағы   Жер  заңнамасын  бұзу  фактілерін  анықтауда  құқықтық нормаларды қолдануға және т.б.

 

6. Маманның жеке ерекшеліктеріне қойылатын талаптар:
       Жер өлшеу немесе  жерге  орналастыру мамандығы кеңінен ойлауды, көзбен есте сақтау     қабілетінің     жоғарылығын,      үлкен      жауапкершілікті,     ұқыптылықты, ұйымдастырушылық  қабілетінің  жоғарылығын,  талап  қоя  білуді, сондай-ақ мықты денсаулықты қажет етеді.

 

7. Медициналық қарсы айғақтар:
       Салқын  тиюге  бейімділігі,   тірек - қозғалыс  аппараттарының  және  жүрек - қан тамырлары жүйесі аурулары, көз көруінің нашарлауы жатады.

 

8. Кәсіби дайындықтарына қойылатын талаптар:
Жер кадастры аумағындағы инженер маманы білуі тиіс:
   √ қазіргі     заманғы    азаматтық,    еңбек,    экологиялық    және    табиғи-ресурстық заңнамасын;
    жер  кадастрі  мазмұнын,   принциптерін,   міндеттерін;   жер  ресурстарын  тиімді пайдалануды  ұйымдастыруда,   соның  ішінде  қала   аумағында   дұрыс   инженерлік шешім қабылдай білуі,
    құрылыс аумақтарында жайғастырудың инженерлік тәсілдерін, жолды, байланыс жүйелерін,   сыртқы   инженерлік   желілерді    жобалау    принциптерін;    бау-саябақ шаруашылығы    объекталарын    енгізу   негіздері   мен   жобалау   тәсілдерін,   елді -мекендерді     абаттандыру,     аэро     және     ғарыштық    объекталарды    дешифрлау технологиясын,  топографикалық  сызу  мен  инженерлік графиканың әдіс-тәсілдерін, әртүрлі   тақырыпта  карталер  мен  жоспарлар  құруды,   оларды  рәсімдеу  әдістерін, сондай - ақ    жобалау   және    болжамдық    материалдардың    графикалық    бөлімін рәсімдеуді;
    инженерлік - геодезия      және      іздестіру     жұмыстарын     жүргізу     әдістерін, геоақпараттық жүйелерді, жобаларды көшіру және аудандарды анықтау тәсілдерін;
    мемлекеттік   жылжымайтын   мүлік  кадастры  және  жер  мониторингін  жүргізу тәртібін, әдіснамасын, әдістерін, тәсілдерін;
    жинау технологияларын,  жүйелеу,  ақпаратты пайдалану және өңдеу, кадастрлық құжаттаманыжүргізуді

Істей білуі керек:
    ұйымдастыра  білуі  және  жылжымайтын  мүлік объектілерінің кадастр бойынша жұмыстарын жоспарлауды;
    жылжымайтын мүлікті бағалау жүргізуді;
    технико - экономикалық  негіздемесін  жасауды,  қалалар  мен  елді - мекендердің шекараларын   белгілеуді,   әртүрлі   ұйымдарға,   мекемелерге,   кәсіпорындарға  жер бөлуді;
    мазмұнын  өңдеу  және  кадастрлық  құжаттарды  жүргізуді;  инновациялық  және консалтингтік қызметтерді жүргізу, инвестициялық жобалады сараптауды;
    экономикалық,   кадастрлік,   геодезиялық   және  басқа  да  мәліметтерді  өңдеуде компьютерлік   бағдарламаларды   қолдануды,    қазіргі   геоақпараттық   жүйелермен жұмыс жасауды;
    топографиялық - геодезиялық  жұмыстарды  жүзеге  асыру,  жобалау - жоспарлау құжаттарын   және   қаланың   немесе   басқа   да   елді-мекендерді   аумағын   дамыту бағытында талдау жүргізуді;
    елді  мекендер  аумақтарында  әлеуметтік - экономикалық  дамытуда  сараптауды жүзеге асыру;
    талдау  жүргізу  экономика  объектілерінің,  өнеркәсіптік,  агроөнеркәсіптік  және басқа да өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында пайдалану
    өнеркәсіптік,    агроөнеркәсіптік    және   басқа   да   өндіріс   тиімділігін   арттыру мақсатында экономикалық объектілерге талдау жасау;
    Елді  мекендер   шегінде  жерді   пайдалану   және   жер   иеленуде   құрылымдық, функциональдық, параметрлік сәйкестендіруді жүргізу;
   √ Қалалар  мен  басқа  да  елді  мекендерде   жерді   пайдалануды   оңтайландыруды шешу.

 

9. Қолдану аясы:
       Осы  мамандық  бойынша   мамандар   даярлау   нақты  кәсіби  құзыреттіліктерін қалыптастыруға  негізделген,  сонын  ішінде  жер ресурстарын пайдаланудағы казіргі жай-күйін  зерттеу  және  жерді  пайдалану мен қорғау тиімділігін арттыру жолдарын анықтаудағы  білім  мен  дағдыларына,   жерге   орналастыру  м ақсатындағы  зерттеу және    ізденіс    жұмыстарын    орындауға,     ауыл     шаруашылығын    ұйымдастыру аумағындағы жердi қорғау мен жақсарту жұмыс жобасын өңдеуге; жерді пайдалану мен  қорғау   аумағындағы  Жер  заңнамасын  бұзу  фактілерін   анықтауда  құқықтық нормаларды қолдануға және т.б.

10. Еңбек шарты:
       Негізгі   жұмыс   уақытын   жерге   орналастыру   жөніндегі   инженер  таза  ауада өткізеді.  Оның  мамандығы сапарлар мен іс сапарларға жиі шығуды қажет  етеді.  Ол жерге   орналастыру   ісін,   шекара   жобаларын,   жер   участкілері  сипаттамаларын, қажетті құжаттарды жүргізеді.

5

11. Кәсіпкерлік тәуекелдер:
       Созылмалы  ауруларының  болуы ашық ауада жұмыс жасауына кедергі келтіреді.
       Тірек-қимыл жүйесі ауруы (ұзақ уақыты мемлекеттік мекемелерде кезекте тұруға тура келеді)

 

12. Талап етілетін  кәсіби білім:
       «Жерге орналастыру»  мамандығы  бойынша  колледж  немесе  жоғары оқу орны бойынша алған білім қажет етіледі.
       Жоғары  оқу орнын  бітірген  маман инженер-жерге  орналастырушы деп, ал орта арнайы  білім алған  маман – техник-жерге орналастырушы деп аталады.

6

13. Мансаптық өсу:
       Жерге орналастыру бойынша инженер маман еңбек нарығында сұранысқа ие.
       Әдетте  маман  өзінің  еңбек  өтілін  жерге  орналастыру  бойынша техник немесе инженерге  көмекші  ретінде   бастайды.   Еңбек   тәжірибесі,   төзімділігі   әрі   қарай мансаптық  өсуіне  мүмкіндік  туғызады.   Бұл мамандардың еңбек жалақысы ортадан жоғары.