free templates joomla

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ

WEB-САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ:

«Еңбек нарығы қажеттіліктерінің қарқынды дамуы жағдайында сұранысқа ие, білікті мамандардың кәсіби және тұлғалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында сапалы білім беру қызметін ұсыну».

  

director2

Алимбеков Серик Ахметович

 Директор

Ветеринария ғылымдарының кандидаты 

     Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжі 2000 жылы құрылды.

Колледждің алға қойған мақсаты – еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді мамандар даярлау болып табылады. Қазіргі таңда колледжде техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономика салалары негізінде 25 мамандық бойынша мамандар даярланады. Сондай-ақ колледжде күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде студенттер білім алуда. Сонымен қатар колледжімізде жоғары білікті, студенттерге сапалы білім беруді және олардың шығармашылық қабілетін дамытуды мақсат еткен оқытушылар қызмет атқарады.

          Жаңалықтар        

             2017 жылдың сәуірдің 7-ші күні колледжі оқушыларына арналған «Зат есім» электронды оқулығын жасау бойынша облыстық байқауында ПОВТ-941 топ оқушысы А.Е. Болатов Adobe Flash бағдарламасында жасалған жобасы үздік танылып, қорғаған жұмысы бойынша  I  орын иеленді. Ғылыми жетекшілері - арнайы пән оқытушысы Г.К. Кудабаева және қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы А.Б.Халелова.

2017.04.1   2017.04.2

             2017 жылдың 8-ші сәуір күні 2017-2018 оқу жылына талапкерлерді қабылдау үшін кәсіби бағыт-бағдар беру жүзеге асыру аясында мектеп оқушыларына ашық есік күндері  өткізілді.

2017.04.3   2017.04.4
   2017.04.6

       2017   жылдың  15-ші  сәуір  күні  «ҒЫЛЫМ  және  БІЗ»  ғылыми-практикалық конференцияғылыми проблемалармен айналысатын  қалалық мектеп оқушыларының  қатысуымен өтті.

    2017.04.7   2017.04.8
2017.04.9   2017.04.10

     Сәуір айының 10 мен 14 күні аралығында колледжішілік «Үздік жас оқытушы» байқауыөткізілді. Экономикалық және гуманитарлық пәндер бөлімінің оқытушысы Г.М.Батырниязова 1 орын, техникалық бөлім оқытушысы М.М. Укасова 2 орын , ал экология және биотехнология бөлімінің оқытушысы Г.Х. Джубанышева 3 орынды иеленді.

2017.04.11   2017.04.12
2017.04.13

             2017 жылдың 17-ші сәуір күні колледжде бөлім аралық студенттер арасында волейболдан сайыс өтті.

2017.04.14   2017.04.15

             4 сәуір күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасындағы   «Жастардың ғылыми-ізденісі- Қазақстанның болашағы» атты облыстық ғылыми-техникалық оқуларына Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі, мұнай-газ және стандарттау бөлімінің студенті Культюшнова Анастасия  (жетекшісі - Н.М. Жумагалиева) қатысып, жаңашыл аталымымен марапатталды.

2017.04.16

          Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік арнайы пән оқытушысы» атты сайысқа оқытушылар қатыстыру мақсатында 12-18 сәуірде «Үздік арнайы пән оқытушысы» атты колледжішілік сайыс өтті. Нәтижесінде, экология және биотехнология бөлімінің оқытушысы Э.К. Каримова 3 орын, мұнай-газ және стандарттау бөлімінің оқытушысы Г.Г. Беркалиева 2 орын, ал мұнай-газ және стандарттау бөлімінің оқытушысы А.Н. Жумашева 1 орынды жеңіп алды.
          «Үздік арнайы пән оқытушысы» байқауы 21 сәуір күні Тайпақ колледжінде өткізілді. А.Н. Жумашева қатысып, жүлделі 2 орынды иеленді.

2017.04.17

          26  сәуір  күні  М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  университетінде  «Парасыз болашаққа бірге акциясы» өткізілді. Осы шараға колледжімізден ВТ-921 студенттерімен оқытушы Г.Х.Джубанышева  ат салыса қатысты.

2017.04.18   2017.04.19

0516000-Қаржы

1. Мамандық: 0516000 «Қаржы» (салалар бойынша)
Біліктілігі: 0516000 - қаржы жұмысы бойынша экономист

2. Ұқсас мамандықтар:
   √ бухгалтер
    қаржы сарапшысы
   √ менеджер

 

3. Кәсіби қызмет саласы: Басқарушылық

 

4. Мамандықтын біліктілігі.
   √ Еңбек  пәні   бойынша   кәсіптердің   түрі:   экономисттің  негізгі  қызметі  әртүрлі құжаттармен тікелей байланысты
   √ Кәсіптер түрінің белгісі бойынша мақсаттары: мамандықты іздестіру
   √ Еңбек құралы бойыншамамандық типі: қол көмегімен
    Кәсіптер еңбек белгісіне қарай: «бөлме» жағдайында
   √ Мамандық    классы:    шығармашылық    (ізденімпаздық);    еңбек    мінездемесі бойынша  мамандық  стандартқа сәйкес келмейтін шешім қабылдаумен, жобалаумен, ұйымдастыру  және  басқарумен,  талдаумен байланысты, тәуелсіз бастапқы ойлауды талап етеді

 

5. Мамандықтың сипаттамасы:
   Экономист – кәсіпорыннның   қызметін  экономикалық  талдау  және  жоспарлауды жүргізудегі жоғары білікті маман.
   Негізгі  қызмет  түрлері:  нормативтік-құқықтық негізді ескере отырып, стандартты әдістер  негізінде  экономикалық   және   әлеуметтік-экономикалық   көрсеткіштердің есебін    жүргізу;     ұйымдар,     ведомостволар,     кәсіпорындардың    түрлі    меншік нысанындағы  жоспарлардың экономикалық  бөлімін жасау; белгіленген міндеттерге, нәтижелерді  интерпретациялау   және   зерттеу  нәтижелеріне  сәйкес  экономикалық деректерді  өңдеу,  кәсіби  қызмет  аймағында  жататын  құбылыстар  мен  нысандағы зерттеу  үрдісінде  стандартты теориялық және эконометриялық үлгісін құру, зерттеу нәтижелерін   интерпретациялау    және    талдау;    ақпараттық    шолуға    дайындық, аналитикалық   есептер,  кәсіби   қызмет   аймағында   жобалау  шешімдерін  жасауға қатысу, жасалған жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша шаралар мен ұсыныстарды дайындау.

   

6. Маманға қойылатын ерекше талаптар:
Экономист мынадай жеке қасиеттерге ие болу керек:
   √ эмоционалдық тұрақтылық;
    ұқыптылық;
    ұйымдастырушылық;
    жауапкершілік;
    әдептілік;
   √ табандылық;
    ашықтық;
   √ өз жұмысын жоспарлауға қабілеттілік;
   √ құжаттармен жұмыс жасауға бейімділік.

 Экономистің кәсіби маңызды қасиеттері:
   √ бір  нәрсеге  немесе әрекетке ұзақ уақыт назар аударушылық қабілеті, бір уақытта бірнеше  әрекеттер   жасау,  өзінің  назарын  бір  нәрседен  екіншісіне,  қызметтің  бір түрінен келесісіне тез ауыстыру қаблеттілігі;
   √ тез  әрекет  ету  қаблеттілігі,  мәтінді  көзбен  көру  арқылы  қабылдаудың жоғары деңгейі;
    жақсы   дамыған    қысқа   және   ұзақ   мерзімді   жады,    ақпаратты   жаттап   алу қаблеттілігі;
   √ коммуникативтік және ұйымдастырушылық қаблеттің жақсы дамуы;
    математикалық қаблеттілік;
    эмоционалды- танымдық тұрақтылық;
   √ жауапкершілікті жоғары сезіну;
   √ логикалық ойлау;
    жылдам шешім қабылдай білу;
   √ ойын нақты жеткізе білу.

 

7. Медициналық қарсы көрсетілімдер:
   √ жүйке-психикалық аурулар;
    жүрек, қан қысымы ауруларымен;
    жүрек-қан тамыры;
    созылмалы жұқпалы аурулармен;
   √ жоғары тыныс жолдары ауруларымен;
   √ көру және есту мүшелерінің аурулары.

 

8. Кәсіптік дайындыққа қойылатын талаптар:
Қаржы жұмысы бойынша экономист білуі тиіс:
    осы   заманғы    экономиканы   макро   және   микро   деңгейінде   қызмет   етудің заңдылықтарын;
    экономикалық    теория    мен    қолданбалы    экономикалық    пәндердің    негізгі түсініктерін, категориялар мен құралдарын;
    обьектілердің,   құбылыстар  мен  үрдістердің   экономикалық   модельдерін  құру әдістерін;
   √ шаруашылық   субьектінің   қызметін  микро  және  макро  деңгейде  сипаттайтын көрсеткіштердіосы заманғы жүйесін құру, есептеу және талдаудың негізін.

Қаржы жұмысы бойынша экономист істей білуі тиіс:
    экономикалық   құбылыстардың,   үрдістердің   өзара   байланысын   микро   және макродеңгейде талдауды;
    нақты    жағдайды   талдау   кезінде    экономикалық   сипаттағы   проблемаларды анықтауды;
    экономикалық – әлеуметтік     басқару     ақпараттарын,      көздерін     қолдануды;
    меншіктің   түрлі   формасындағы   кәсіпорындардың,   ұйымдардың   есептерінде берілетін    қаржылық,    бухгалтерлік   өзге   де   ақпараттарды    талдауды,    алынған мәлеметтерді  басқару  шешімдерін  қабылдау  үшін  қолдануды,  аналитикалық және зерттеу  жұмыстарының  нәтижелерін  баяндамалар, ақпараттық шолу, аналитикалық есеп, мақалалар түрінде ұсынуды;
    шағын ұйымның жұмысшы тобының жұмысын ұйымдастыруды;
   √ экономикалық  және   бизнес   сферасында   нормативтік-құқықтық   ресурстарды, әкімшілік-және өзге де шектеулерді есепке ала отырып, жобалар әзірлеуді.

 

9.  Қолданылу саласы:
   Қаржы   жұмысы   бойынша   экономисттер    меншіктің    барлық    формасындағы кәсіпорындарда, зауыттар мен өндірістік компанияларда, банктерде, туристтік, медициналық, құрылыс компанияларында жұмыс жасай алады.

 

10. Еңбек шарты:
   Экономисттің  жұмыс орны кеңседе орналасады. Экономист  жұмыс кезінде шұғыл байланысты  қамтамасыз  ету  құралдарын,  интернетке  шығу  мүмкіндігі  бар дербес компьютерді қолданады.

 

11. Кәсіптік қауіп:
   Жұмыс   жағдайы    отырып    жасалынғандықтан,    арқа   және   мойын   ауруымен байланысты  кәсіби  аурулар  болуы мүмкін. Сонымен бірге үнемі стресстік жағдайда жұмыс жасау, жүйкенің жұқаруы мен күйзеліске себеп болуы мүмкін.

 

12. Талап етілетін кәсіптік білімдер:
   «Қаржы  жұмысы  бойынша  экономист»  біліктілігін  алу  үшін,   0516000  «Қаржы (салалар бойынша)» мамандығы бойынша кәсіптік білім алу қажет.

 

13. Мансаптық өсу:
   Экономисттің     лауазымды     өсуі     тәжірибенің     жинақтауымен,     біліктіліктің жоғарлауымен тікелей байланысты.  Экономисттердің  жеке іс ашу бағытында жақсы болашағы бар.

гис-технологии
ткани для вышивания