free templates joomla

наурыз, 2017

        2017 жылдың 1-ші наурызында оқушыларға ата- бабамыздан ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие беру, оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтеу мақсатында колледжде «Құтты болсын бір жасын! Қабыл болсын Көрісу айт!» атты іс-шаралар өткізілді.

2017.03 (1)   2017.03 (2)
2017.03 (3)   2017.03 (4)

      6 наурыз күні БҚИГУ өткізілген «Наурыз жұлдыздары-2017» атты сайыста ПВ-911 топ оқушылары Ж.Абдуалиев пен А.Бисенгалиева топтар арасынан озық шығып 1 орынды иеленді. ПОВТ-11 тобының оқушылары Н.Маратов, К. Сақтағанова 3 орынға, М.Тынышбек, М. Қажғали 2 орынға ие болды.

2017.03 (5)   2017.03 (6)
2017.03 (7)   2017.03 (8)
2017.03 (9)

          Наурыздың 7-күні колледжімізде 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Өнерлі жұп байқауы» өткізілді. Бұл шараға бөлімдердің арнайы пәндер оқытушылары мен оқушылары қатысып, жүлделі орындар мен түрлі номинацияларға ие болды.
         Бұл шараға экономикалық және гуманитарлық пәндер бөлімінің Г.Баирханова мен Ж.Абдуалиев «Жалын» жұбы жүлделі 1 орынға ие болды.Мұнай-газ және стандарттау бөлімінен Н.М. Жумагалиева мен Ш.Өтеулі «Бірлік» жұбы жүлделі 2 орынмен марапатталды. Экология және биотехнология бөлімінің Э.К. Каримова мен А. Қыдырбаев «Қос жұлдыз» жұбы жүлделі 3 орынмен марапатталды.

2017.03 (10)   2017.03 (11)
2017.03 (12)   2017.03 (13)
2017.03 (14)

        10.03.2017 ж. «Құзіретті маманға - нәтижеге бағытталған білім» тақырыбындағы облыстық флеш семинарында оқытушы Таутешова Б.Т. «Компьютерлік вирустар. Вирустар классификациясы», Кудабаева Г.К. «Основные понятия Power Point», Альжанова В.Ж. «Жасушаның бөлінуі. Митоз, мейоз», Кульбабаева Ж.И. «Моносахариды. Глюкоза», Купешев М.А. «Трансформаторлар», Айткалиева Ж.Х. «Угол между прямыми. Условия паралельности и перпендикулярности угла» атты ашық сабақтар өткізді.

2017.03 (15)   2017.03 (16)
2017.03 (17)   2017.03 (18)

     2017 жылдың 16-17 наурыз күндері Орал қаласында БҚО білім басқармасының ұйымдастыруымен 18 және 22 жас аралығындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері мен түлектері, жұмысшылар мен мамандар арасында «WorldSkills Kazakhstan» (WSK) өңірлік чемпионаты өткізілді.
        WorldSkills – бұл әлемнің 75 елінде таратылған халықарық қозғалыс. Оның негізгі мақсаты жастардың жұмысшы мамандықтарын игеру және беделін арттыру болып табылады.
        Облысымызда өңірлік чемпионат 8 құзыреттілік бойынша өткізіліп, соның ішінде «Шанақ жөндеу» құзыреттілігі бойынша сайысқа колледждің 1201000 - «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының оқушылары Н.Ильичев, О.Дикин, В.Пяташкин, Р. Жангалиев, И.Смилин қатысып өз бақтарын сынады.
         Чемпионат тапсырмаларының мазмұнына сәйкес қатысушылар автокөлік шанағының ақауын анықтады, шанақтың элементтерін ауыстырды, түзетті, пісірді, майлады, ақауларды есептеп шығарды.
        Сарапшылар   Кеңесінің   шешімі   бойынша   «WorldSkills   Kazakhstan»   (WSK)   өңірлік чемпионатының «Шанақ жөндеу» құзыреттілігі бойынша Батыс Қазақстан инженерлік- технологиялық колледжінің оқушылары Ильичев Никита 1-орын, Дикин Олег 2-орын, Смилин Иван 3-орындарға ие болды.
          Чемпионаттың жеңімпазы мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар тарапынан                               арнайы дипломдармен, сертификаттармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

2017.03 (19)   2017.03 (20)
2017.03 (21)   2017.03 (22)
2017.03 (23)   2017.03 (24)

          2017 жылдың 18-ші наурыз күні «Қош келдің - Әз Наурыз» атты мерекелік шарада колледж оқытушылары мен оқушылары қазақтың салт-дәстүрлері бойынша көріністер көрсетті.

2017.03 (25)   2017.03 (26)
2017.03 (27)   2017.03 (28)
2017.03 (29)   2017.03 (30)
2017.03 (31)   2017.03 (32)

         28-29 наурыз аралығында оқу-әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес колледжішілік «Үздік үйірме - 2017» байқауы өтті.
         Байқаудың мақсаты: үйірме жұмысының жыл бойғы жұмыс жоспары, оның жүзеге асуы, ұйымдастырылуы, жаңашылдығын бағалау, талапқа сай үздік үйірме жұмысын анықтау. Нәтежесінде: «Мұнайшылар» - 1 орын, «Ихтиолог» - 2 орын, «Жас өлкетанушы» үйірмелері - 3 орынды жеңіп алды.

 2017.03 (33)   2017.03 (34)
2017.03 (35)   2017.03 (36)
2017.03 (37)   2017.03 (38)
2017.03 (39)

          30-31 наурыз аралығында «XXI ғасырдағы ғылым мен жастар» атты колледжішілік IV ғылыми-практикалық студенттік конференция өтті. Нәтежесінде ПВ-911 топ оқушысы Ж. Абдуалиевпен ВТ-921 топ оқушысы Г. Хайырқызы 1 орынға ие болды (ғылыми жетекшілері- Канаткалиева Л.А. мен Каримова Э.К.). ЭЛС-931 топ оқушысы Д. Орынбасар., ЭЛС-11 топ оқушысы А. Тарғынбек., ЭЛС-911 топ оқушысы Ж. Жалелов және ЭЛС-911 топ оқушысы Е. Базарбаев өз секциялар бойынша 2 орынға ие болды (ғылыми жетекшілері- Укасова М.М, Баданова Х.Ж., Батырниязова Г.М., Бекмагамбетова А.М.). Ал УА-922 топ оқушысы В. Логинчук., ЭНГМ-932 топ оқушысы А. Тулемисов., УА-922 топ оқушысы С. Середенкина., ЭЛС-931 топ оқушысы М. Өтежанов 3 орындарға ие болды (ғылыми жетекшілері- Махметова Ш.У., Тлеугалиев Ж.К., Павлова Т.И., Мукатаева А.М., Туребекова Д.К.).

2017.03 (40)   2017.03 (41)
2017.03 (42)   2017.03 (43)

гис-технологии
ткани для вышивания