free templates joomla

Бөлім туралы мәлімет (мұнай-газ бөлімі)

 Мұнай - газ және стандарттау бөлімі

 

       Бөлім төмендегі мамандықтар бойынша орта буын мамандарын дайындайды: 0801000-«Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы ( бағыты бойынша)», 0809000 «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бағыты бойынша)», 0802000 «Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын салу және пайдалану», 0819000 «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы», 0601000 «Метрология стандарттау и сертификаттау (салалары бойынша)»күндізгі және сырттай оқу формалары бойынша. Жоғарыда аталған мамандықтар бойынша мамандарды дайындау 2000 жылдан бері жүргізіліп келеді. 2010 жылы колледж заңды тұлға мәртебесін иеленгеннен кейін аталған мамандықтар  «Мұнай-газ және стандарттау» бөліміне енгізілді.

       Бөлімнің оқытушылар құрамының оқу процесінің шеңберінде оқушыларға тиімді білім беру үшін толыққанды мамандандырылған мәліметтері және қажетті тәжірибелері мен дағдалары бар. Бөлімде 12 оқытушы оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асырады,олардың ішінде екеуі жоғары санатты, алты оқытушы екінші санатты, сонымен қатар үшеуі магистр болып табылады.  

       Оқытушылардың біліктілігі мамандықтардың бағытына, сонымен қатар оқытылып жатқан пәндеріне сәйкес келеді.

       «Мұнай-газ және стандарттау» бөлімінің оқытушылары оқытудың тиімділігін жақсарту және жоғары нәтижелерге қол жеткізу мақсатында оқу пәндерінің мазмұнын және білім беру сапасын үнемі арттыру арқылы оқу процесін жетілдіруге өз үлестерін қосуда. Оқытушылар магистратурада оқу арқылы, әр түрлі семинар, тренинг, біліктілікті арттыру курстарына  қатысу арқылы жүйелі түрде біліктіліктерін арттырып отырады.  2015-16 оқу жылында арнайы пән оқытушысы Жумагалиева Н.М. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ магистратурасына «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша оқуға түсті.  

       Жыл сайын колледжде оқу жылының қорытындысы бойынша оқытушылар рейтингін жүргізу арқылы оқытушылардың жұмысына бағалау жүргізіледі. Оқытушылар рейтингі  оқу құралдарын шығару, мақалаларды баспадан шығару, халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу, тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен оны жүзеге асыру, спорттық және мәдени шараларға қатысу және т.б. сол  сияқты сандық және сапалық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Осылайша, 2014-15 оқу жылының оқытушылар рейтингісінің қорытындысы бойынша  оқытушы Жумашева А.Н. 3 орынды, оқытушы Жумагалиева Н.М. тәрбие жұмысы бойынша «Белсенді топ тәлімгері» номинациясын иеленсе, ТПНГ-911 топ тәлімгері «Үздік топ тәлімгері» сияқты марапатқа иеленіп, 1 орын алды.  

       Бөлім оқытушылары оқытудың әр түрлі инновациялық  әдістерін қолданады: іскерлік ойындар, кейстер, әр түрлі студенттік конференцияларға қатысу, пәндер апталығын өткізу және т.б.  09-13.11.15 бастап пәндер апталығының шеңберінде бөлім оқытушылары «Кім тапқыр? Кім озық?», «Не? Қайда?Қашан?» сияқты интеллектуалды ойындар, «Работа штанговой скважинной насосной установки», «Геометриялық денелерді үш жазықтық проекциясына проекциялау» сияқты ашық сабақтар мен «Жас химиктер»   сайысын өткізді.

       Бөлімнің өмірінде спорттық шаралардың орны ерекше.Спорттың сан алуан түрлері бойынша үнемі жарыстар өткізіліп тұрады. Оқушылар әр түрлі қалалық, облыстық, республикалық турнирлерге, спартакиадаларға және басқа да жарыстарға қатысып отырады. Бірінші курс оқушыларының арасындағы «Денсаулық күні» дәстүрлі жарыстарында ЭНГМ-912 тобының ұлдары арқан тару бойынша 1 орынды, ЭНГМ-912 тобының қыздары 3 орынды иеленді. ТПНГ-11 тобының оқушысы Асабаев Н. 24 кг. Гірді көтеру бойынша 2 орынды иеленді. ЭНГМ-912 тобының оқушысы Умбеталиев Т. 100 арақашықтыққа жүгіру бойынша 1 орынды иеленді, ал ЭНГМ-11 тобының оқушысы Бодан А. ұзындыққа секіру бойынша 3 орынды, сол топтың оқушысы Райхан Е. турникте тартылу бойынша 1 орынды иеленді.

       Алайда оқушылардың бос уақыты тек қана спорттық  шараларға ғана емес, сонымен қатар мәдени шараларға да толық.  Бірінші курс оқушылары үшін жыл сайын бірінші курс оқушыларының «Бірінші курс-2015» байқауы өткізіледі. 2015-2016 оқу жылында бөлімнің  бірінші курс оқушылары «Бірінші курс-2015»  байқауына қатысып, «Режиссура», «Эстрадалық әндер» конкурстарында дипломант атанса,  «Жайдарман ойыны» конкурсында жеңіске жетіп, жалпы командалық ойнында 3 орынға иеленді.

гис-технологии
ткани для вышивания