free templates joomla

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ

WEB-САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ:

«Еңбек нарығы қажеттіліктерінің қарқынды дамуы жағдайында сұранысқа ие, білікті мамандардың кәсіби және тұлғалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында сапалы білім беру қызметін ұсыну».

  

director2

Алимбеков Серик Ахметович

 Директор

Ветеринария ғылымдарының кандидаты 

     Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжі 2000 жылы құрылды.

Колледждің алға қойған мақсаты – еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді мамандар даярлау болып табылады. Қазіргі таңда колледжде техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономика салалары негізінде 25 мамандық бойынша мамандар даярланады. Сондай-ақ колледжде күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде студенттер білім алуда. Сонымен қатар колледжімізде жоғары білікті, студенттерге сапалы білім беруді және олардың шығармашылық қабілетін дамытуды мақсат еткен оқытушылар қызмет атқарады.

          Жаңалықтар                                                                  

   

БҚИТК  ұжымы 1-ші мамыр күні Қазақстан Халқының Бірлік күніне орай Абай даңғылына шеруге шықты.

1 2 3

9 мамыр Ұлы жеңістің 73 жылдығына орай колледжі оқушылары топ тәлімгерімен бірге ҰОС ардагерімен кездесті.

4 6 5

Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы жеңіс күні және Қазақстан Қарулы Күштерінің 26 жыл толу мерекесіне орай «Мұнай- газ және стандарттау» бөлімінің ЭНГМ-921, СМС-922 топтарында «Еңсесі биік-ұлы Жеңіс», «Этот день мы приближали как могли» тақырыптарында ашық тәрбие сағатын өткізді.

7 9 8

«Экономикалық және гуманитарлық пәндер» бөлімінің оқушылары қалалық мұражайларға саяхат жасады.

10 12 11

13 14 15

16 18 17

5 мамыр күні колледжішілік топтар  арасында қабырға газеті байқауы өткізілді, қорытындысы бойынша ЭНГМ -912 тобы бірінші, ПВ-911, УА -911 тобы екінші, ЭЛС-921тобы үшінші орындарды иеленді.

20 19 21

Отан қорғаушылар күніне байланысты ұйымдастырылған «Ер борышы – ел қорғау» атты байқауына колледжі оқушылары белсене қатысты.

22 23 24

9 мамыр күні УА-922 және ТПМ-911   топтары топ тәлімгерлерімен бірге М.Мәметова ескеркішіне гүл шоғын қойды.

25 26

Ұлы Отан соғысы жеңісінің 73 жылдығына мерекесіне орай «Экономика және гуманитарлык пәндер» бөлімінде  оқушыларды Отан сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында  ПВ-911, УА -911 топтарында «Бақыт гүлін терген күн!», «Никто не забыт, ни что не забыто» УА -922  тәрбие сағаттары өтті.

27 28

Жеңіс мерекесіне араналған салауатты өмір салты насихаттау бойынша колледжде дене тәрбиесі пәнінің оқытушыларының ұымдастыруымен студенттер арасында спорттың  волейбол  түрлерінен сайыстар өткізілді.

28 30

Елбасының «Үш тұғырлы тіл» саясаты жастардың жарқын болашағы және «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласын насихаттау мақсатында шетел тілі пәнінің оқытушылары Б.К. Омарова мен А.М. Бекмагамбетова «Global» атты тілдер орталығында қызмет жасайтын шетелдіктермен кездесу ұйымдастырды.

31 32

34 33

БҚО Төтенше жағдай департаментының  өрт сөндіру мекемесіне қарасты мұражайға АӘД оқытушысы А.К. Ахметсафин колледжі оқушыларын саяхатқа апарды.

35 36 37

Bastanko working орталығында, БҚО Жастармен жұмыс  жөніндегі  ресурстық  орталығының қолдауымен «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті  университетінің доценті, психолог PHD  докторы Төлегенова Алия Аманғалиқызымен кездесу өтті.

38 39

17 мамыр күні  Ж. Молдағалиев атындағы облыстық кітапханада өткізілген «Кәсіпкерлік және бизнес» атты пікір алмасуға ПВ-921 тобының оқушылары қатысты.

40 41

Техникалық бөлім (2)

ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ
007 
 Бөлім меңгерушісі, техника ғылымдарының магистрі, жоғары санатты оқытушы
 Рахматуллина Гульмира Тайшыбаевна
    Техникалық бөлімде барлығы 25 оқытушы, 1 шебер қызмет атқарса, Оның ішінде штатта 23 оқытушы және 1 шебер бар. Олардың 2-і – жоғары санатты, 7-і – І санатты, 5-і – ІІ санатты, 8-і – магистр болып табылады.
  Бөлім күндізгі және сырттай оқу нысанында келесі мамандықтар бойынша негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде мамандар дайындайды: 
 0902000 – «Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)»
Біліктілігі: 0902043 – «Техник–электрик»
Оқу мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл 10 ай, жалпы орта білім базасында 2 жыл 10 ай.
  Электрмен қамтамасыздандыру – тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету. Адам өмірінің табылмас құралы энергия болып табылады. Нақты айтсақ, электр энергиясы. Қазіргі таңда электрлендіруді дамыту, адамзат қоғамы үшін өте маңызды. Технологиялық прогресті электр энергиясыз елестету мүмкін емес.  
  Қазіргі кезде инновациялық технологиялардың қарқынды дамуының нәтижесінде электрик мамандардың қажеттілігі күннен-күнге артуда. Бұған дәлел ретінде электр энергиясын үнемдеу мақсатында жүргізіліп жатқан күрделі жобаларды айтуға болады.  
  Еліміздің энергия пайдалану жағынан экономикалық үнемділігін арттырып, қарқынды дамуына үлес қосу үшін білікті электр мамандарының қажеттілігі жоғары болып табылады.
  «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының кәсіптік қызмет нысаны: электр станцялары мен кіші станциялар, электр берілісі сызықтары, электроэнергетикалық жүйелер, шаруашылық салалары мен техника нысандарын электрмен жабдықтау жүйелері, жоғары кернеулі электроэнергетикалық -техникалық,-физикалық және технологиялық қондырғылар; энергетикалық қондырғылар, электростанциялар мен дәстүрлі емес және орнына келетін энергия көздерінің базасындағы кешендер, автоматты басқару мен электроэнергетикадағы релелік қорғаныс қондырғылары.
   1202000 – «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару (сала бойынша)»
Біліктілігі: 1202063 – «Техник»
Оқу мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл 10 ай, жалпы орта білім базасында 2 жыл 10 ай.
  Автомобиль көлігінің халық шаруашылығында рөлі күн санап өсуде. Елімізде автомобильдер санының қарқынды өсуіне байланысты қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үлкен маңызға ие екендігі белгілі.
Сондықтан аталған мамандық білім алушыларға тасымалдау процесін басқару мен ұйымдастыру негізінің теориясын, жүк және жолаушыларды тасымалдау үрдісін, жылжымалы құрамның қолдану тиімділігін арттыру, тасымалдауды басқарудың прогрессивті формалары және әдістері жайлы негізгі мағлұмат береді. Сондықтан мамандық иесі көлік қозғалысын реттеуде және көліктегі тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру, жүктерді тасымалдау кезінде, жол қозғалысын ұйымдастыруда үлкен рөл атқарады.
  Техниктің кәсіби қызметінің нышандары: жолаушылар және жүк, пойызда жүкті тасымалдауды ұйымдастыру, жол қозғалысын ұйымдастыру, жол қозғалысының қауіпсіздігі, автомобиль жолдарын пайдалану, автомобиль көлігі мекемелерінде диспетчерлік басқару, жүк тасымалын ұйымдастыру әр түрлі жүктерді тасымалдау кезінде тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру, қозғалыс қауіпсіздігі қызметінде техник ретінде, жобалау ұйымдарында, көлік департаменттері мен бөлімдерінде, аймақтық көлік басқару ұйымдарында жұмыс істей алады. 
1201000 – «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» 
Біліктілігі: 1201133 – «Техник-механик»
Оқу мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл 10 ай, жалпы орта білім базасында 2 жыл 10 ай.
  Автомобиль көлiгi елiмiздің тасымал кешенiнде маңызды орын алады. Миллиондаған мекеме, ұйым, фирма, фермер-кооператив, ұжымдар халық шаруашылығында маңызды қызмет етiп, еліміздің халқына тынымсыз еңбек iстеп келедi. 
  Автомобиль көлiгiнiң алдында тұрған бiрден-бiр маңызды мәселе, автомобильдiң пайдалану сенiмдiлiгiн арттыру болып табылады. Бұл мәселенi шешу бiр жағынан, автомобиль өндiрушiлердiң анағұрлым сенiмдi автомобиль шығаруымен қамтамасыз eтілce, екiншi жағынан - автомобидердi техникалық пайдалану әдiстерiн жетiлдiру болып табылады. Бұл козғалыс құрамын калыпты жағдайда ұстап тұру үшiн қажеттi өндipicтік база құруды, техникалық қызмет пен жөңдеудiң алдыңғы қатарлы және қор үнемдеу технологиялық үдерiсiн тиiмдi механикаландыру жабдықтарын, өндipic процестерiнің, жұргiзушiнiң мамандығын жоғарылатуды талап етедi.  
  Техниктің кәсіби қызметінің нышандары: автомобиль көлігінің жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалануға беру жұмыстарын ұйымдастырып басқарумен байланысты кәсіпорындар мен ұйымдарда, автокөлік кәсіпорындарында, автоколонналарда, көлік-экспедициялық кәсіпорындарында, автожөндеу зауыттары, техникалық қызмет көрсету станцияларында жұмыс жасай алады. 
1304000 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлеріне қарай)»
Біліктілігі: 1304043 – «Техник- бағдарламашы»
Оқу мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл 10 ай, жалпы орта білім базасында 2 жыл 10 ай.
  Бағдарламашы – бұл дербес компьютер үшін бағдарламалық қамтамасызандыруды жасайтын, яғни бағдарламалаумен айналысатын маман.
  Техник-бағдарламашы жан-жақты, дайындығы мол, меншіктің әртүрлі формаларын дамыту жағдайында тез бағдарлай алатын, өндірісті жетілдіруші, терең білім мен тәжірибелік әдептерді білетін маман болуы қажет. 
  Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар жылдам дамып келеді сондықтан бағдарламашы үшін өз білімін жетілдіру өте маңызды. Кез келген мекемеде техник-бағдарламашы үлкен рөль атқарады, өйткені ол компания жұмысының жақсы жүруін қамтамасыз етеді, компьютерлер мен жергілікті желінің жұмысын бақылайды, мәліметтер қорын басқару жүйелерін баптайды, мамандарға қолданбалы бағдарламаларды орнатып, оның жұмыс істеу принципін жеткілікті түсіндіреді, басшылықтың сұранысымен мекемеге қызмет ететін бағдарламалық қамтамасыздандыруды жасап, құрастырады. 
  Техник-бағдарламашының кәсіби қызметінің нышандары: ЕО жұмыстары үшін, департаменттер, кәсіпорындар, фирмаларда ақпаратты әзірлеу бойынша қызметтерді атқара алады. Сонымен бірге мәліметтер базасын басқару жүйесін және бағдарламаны құруды әзірлеу, информатика және бағдарламаны орта және орта кәсіби арнаулы оқу орындарында оқыту, ғылыми және экономикалық міндеттерді шешуде бағдарламаны құру, дербес компьютерді қолданудың стандарттық және басқада қызметтердің ақпараттық технологиямен байланысын бағдарламамен қамтамасыз ету. 
1511000 – «Жерге орналастыру»
Біліктілігі: 1511033 - «Техник»
Оқу мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл 6 ай, жалпы орта білім базасында 2 жыл 6 ай.
  Жерге орналастыру - бұл жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүйесі.
  Қазіргі кезде жер қорын тиімді пайдалануға бағытталған жерге орналастыру жұмыстарын тиімді жүргізу үшін техник мамандарға деген сұраныс мол. 
  Қазақстан Республикасында қалалардың ірілену үрдісі байқалуда. Ауыл халқының қалаға қоныс аударуларына байланысты, қала көлемі мен қала халқының саны артып келеді. Тұрғындар санының артуы қала өлшемінің ұлғаюына және қосымша тұрғын аудандар мен жұмыс орындарының санының артуына әкеледі. Осы тұрғыда жерге орналастыру жобаларын құрастыру және негіздеу, ҚР азаматтарының жер иеленуін және пайдалануын қалыптастыру, ауыл шаруашылық және басқа бағыттардағы кәсіпорындардың жерді пайдалануын қалыптастыру үшін «Жерге орналастыру» мамандығы қажеттіліг өте жоғары.
  Аталған мамандықтың иесі Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет, оның кәсіпорындары, ұйымдары, жер қатынастары басқармалары мен бөлімдерінде маман, жерге орналастыру жобалаушысы және іздестірушісі, геодезисі ретінде жұмыс істей алады. Сондай-ақ маман иесі аталған қызмет аясында жерлердің геодезиялық және топографиялық түсірістері, жерлердің фотограмметриялық жұмыстары мен картографиялау, соның ішінде геоақпараттық және сандық технологияларды қолдану, жерге орналастырудың барлық түрлерін жүргізу және жобалау, жер ресурстарын басқару, жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу сияқты жұмыстарды атқарады.
1510000 – «Ауыл шаруашылығын механикаландыру»
Бiлiктiлiгі: 1510043 – «Техник-механик» 
Оқу мерзімі: негiзгi орта бiлiмнiң базасында 3 жыл 6 ай, негізгі орта бiлiмiнiң базасында 2 жыл 6 ай.
  Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы үшін ауылшаруашылығының алатын орны өте маңызды. Соңғы жылдары ауылшаруашылығы және аграрлық секторды дамыту бағытына қарай үлкен бетбұрыстар жасалды. Қазіргі кезде бұл сала қарқынды дамып келе жатқандықтан, болашақта мамандықтың қыр-сырын жете меңгерген мамандар қажеттілігі туындайтыны белгілі.Сондықтан қазіргі таңда аталған мамандықтың ауылшаруашылығы саласында маңыздылығы артып отыр.
  Техниканың кәсiби қызметтiң объектерi – механика болып табылады: Ауылшаруашылығындағы өндiрiстiк процесстердi механикаландыруды қамтамасыз ету және ауылшаруашылық техниктiң бұзықсыз жұмысының ұйымының процессi; диагностикалық процесс, жөндеу және ауылшаруашылық жабдық тетiктерiнiң реттеуi.  
Мамандық бойынша дайындау барысында оқушыларға жалпы білім беру және әлеуметтік-экономикалық пәндерден басқа, жалпы техникалық пәндер бойынша, сонымен бірге,мамандықтың арнайы пәндер циклінде автомобиль құрылымы, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, қазіргі кездегі диагностика құралдары, автомобильдердің электр жабдықтары, автомобильдерді жөндеу бойынша білім беріледі. Барлық арнайы пәндер бойынша практикалық сабақтар пәнге байланысты зертханаларда өткізілсе, кәсіби және оқу практикалары кезінде мекемелерде өткізіледі. Осы оқу жылынан бастап жалпы орта білімнен кейінгі қабылданған топтарды дуалды оқыту жүйесі енгізілді. Бұл жүйе бойынша барлық теориялық оқыту уақытының 30-40% теориялық сабақтарға берілсе, қалған 60-70% практикалық сабақтарға бөлініп, ол сабақтар шеберханалар, зертханалар және жоғарғы курстарда келісім-шартқа отырған мекемелер базасында өткізіледі. 
Бұл мамандық бойынша білім алған мамандар халық шаруашылығының барлық саласында, әсіресе автомобиль көлігінің қызметін пайдаланатын барлық мекемелер мен кәсіпорындарда қызмет атқара алады. Сонымен бірге, автокөлік шеберханалары, автомобильдерді жөндеу орындары, ірі автомобиль зауыттары және ТҚК орындары,т.б. жерлерде жұмыс жасайды.




гис-технологии
ткани для вышивания