free templates joomla

Қаңтар, 2018

2018 жылдың 15-20 қаңтар  аралығында БҚИТК кітапханасында жаңадан келген көркем әдебиеттер бойынша  «Кітап – рухани қазына» атты колледж оқытушылары мен оқушыларына арналған  көрме ұйымдастырылды. Көрмемен Гуманитарлық және экономикалық бөлім оқытушылары мен оқушылары танысты.

1 2

2018 жылдың 22- 28 қаңтар аралығында оқытушылар Азгалиева А.К., Канаткалиева Л.А., Кенжегалиев А.А., Баданова Х.Ж. «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы» АҚ-нан «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыру жағдайындағы жалпы білім беретін пән оқытушыларының кәсіби құзіреттілігі» атты тақырыбында  біліктілік арттыру курсынан өтті.

4 3 5

СТР-11 тобыоқушылары бөлім меңгерушісі А.Т. Тнымбаева және пән мұғалімі Н.М. Жумагалиева, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің экология және биотехнология кафедрасының жаратылыстану ғылымдары магистрі Тапишев Мұхаммед Саламатович мырзаның қатысуымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы Қазақстан халқына жолдауы талқыланды. Талдау барысында маңызды ақпараттармен алмасып, қажетті мәліметтермен танысты.

Болашақ ұрпаққа ұлтжандылықты тәрбиелеу мақсатында аптаның бірінші оқуында Қазақстан Республикасының әнұранын орындалады.

6 7 

Қаңтардың 18 күні колледжіміздің технологиялық бөліміндегі 1513000 - «Ветеринария» мамандығы бойынша ВТ-31 және ВТ-931 топ оқушыларының және арнайы пән оқытушыларының қатысуымен болашақ мамандарды өз мамандықтарының маңыздылығымен, даму қарқындылығымен және жұмыс орындарымен таныстыру мақсатында «Ауылшаруашылығы саласындағы ветеринария мамандығының маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Шараға  БҚО «Қазақ ветеринария ғылыми зерттеу институты» ЖШС-нің «БҚ ветеринария ғылыми зерттеу станциясы» филиалының аға қызметкері С.Г. Қанатбаев,  «Орал құс фабрикасы» ЖШС-нің бас мал дәрігері Ә.Г. Хайруллин қатысып, оқушыларға мамандықтары бойынша қандай жұмыс орындары бар екендігін және олардың қандай бағытта жұмыстар атқаратындығымен таныстырды. Оқушылар өз мамандықтарына деген қызығушылықтарының артқандығын және болашақта білімді маман болуға тырысып, еңбектенетіндіктерін айтты.

8

Қаңтардың жиырмасы күні колледж оқытушылары «Еуразия» сауықтыру кешеніне барып демалып қайтты. Салауатты өмір салтын ұстанатын колледж ұжымы коньки, шаңғы теуіп және биіктен сырғанап, оқытушылар  бір сергіп қайтты.

9 10

Қаңтардың 19 күні технологиялық бөлімде Орал қалалық Нұр Отан жастар партиясының филиалының кеңесшісі  Б.А. Кухаевпен кезесу өтті. Бұл кездесуде ол колледжі оқушыларына 10 қаңтардағы Н.Ә.Назарбаевтың  жолдауымен таныстырды. Оқушылар түрлі сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.

11 12

18 қаңтар  күні  Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында Елбасысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Аталар сөзі» тақырыбында жас өскінге айтары бар жолдарымен және үлгілі еңбектерімен үлгі бола алатын меймандармен дидарласу кеші ұйымдастырылды. Бұл кеште Педагогикалық ғылым докторы, профессор, академик, Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткері Ержанов Махамбет Ержанұлымен кездесу өтті. Кездесуге технологиялық бөлімнің ЭЛС-21 топ стуенттері тәлімгері М.М.Укасовамен болып қайтты.

13

гис-технологии
ткани для вышивания