free templates joomla

Қыркүйек, 2017

4  қыркүйек күні 1 курс оқушылары арасында «Білім күніне» орай «Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: рухани жаңғыру», «Я – патриот своей родины» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушыларды Елбасының мақаласымен таныстырып, оны жан-жақты талқылау, болашаққа деген көзқарастарын айқындау, колледждің жетістіктері және ішкі тәртібімен таныстыру. 

1  2

Технологиялық бөлімінің «Ветеринария» және «Электрмен қамтамасыздандыру» мамандықтары бойынша 3 және 4 курс оқушылары 04.09-23.12.17 жылы аралығында өндірістік – технологиялық практикасына жіберілді. Оның ішінде «Серпін – 2050 Мәңгілік ел жастары – индустрияға» әлеуметтік жобасы бойынша оқып жатқан «Электрмен қамтамасыздандыру» мамандығының 3 курс оқушылары «Орал трансформатор зауыты» ЖШС-не, «БҚ ТЭК» АҚ-на жолданды. Ал осы жоба бойынша білім алып жатқан «Ветеринария» мамандығының 3 курс оқушылары БҚО Жаңақала, Жәнібек, Қаратөбе, Сырым, Бөкей Орда және Казталовка аудандарындағы және ауылдарындағы ветеринариялық станциясына жолданды.

7 қыркүйек күні қаламыздағы мәдени орталықтарды таныстыру және жастарға дәріптеу мақсатында «Электрмен қамтамасыздандыру» мамандығының 1 курс (ЭЛС-911) оқушылары топ тәлімгері С.К. Тасбулатовамен Ж. Молдағалиев атындағы кітапханаға саяхат жасады. 

3  4

11 қыркүйек күні тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес колледжіміздің бірінші курс оқушыларын есірткі және басқа да зиянды заттардың денсаулыққа қауіптілігімен таныстыра отырып, олардан бас тартуға тәрбиелеу мақсатында «Есірткі мен психотроптық заттарды тұтыну қауіпі мен салдары» атты тәрбие сағаты өткізілді. 

5

12 қыркүйек Отбасы мерекесіне орай тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес бірінші курс топтарының арасында «Шаңырағым - шаттығым», «Отбасы-өмір аясы», «Отбасым - өмірімнің айнасы», «Отбасы- мемелекеттің негізгі буыны» атты ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Бұл шараларға оқушылардың ата-аналары, оқытушылар, колледж психологы қатысты. Шара мақсаты, оқушылардың отбасына деген сүйіспеншіліктерін арттырып, отбасы құндылықтарын түсіндіру. Сондай-ақ, оқушыларға және ата-аналарына  колледждің ішкі тәртібі, құқықбұзушылықтың және діни экстремизмнің алдын алу жолдары туралы айтылды.

6  7  8

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласына орай, "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында15 қыркүйек күні колледж оқытушыларының арасында Киров атындағы саяжайда спорттық шара өткізілді.

9  10  11

21-29 қыркүйек аралығында тілдер күніне байланысты «Мемлекеттік тіл - менің тілім» тақырыбындағы апталыққа іс-шарлар өткізілді. Шара барысында «Ветеринария» мамандығының ВТ-11 тобында «Үштілділік болашағы» атты дебат, ВТ-911 тобында «Туған тілім тірлігімнің айғағы» атты сайыс сабағы, «Электрмен қамтамасыздандыру» мамандығының ЭЛС-911 тобында «Қазақстан болашағы - қазақ тілінде», СТР-11 тобында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», ОПУД-911  тобында  «Тіл-тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушылардың ана тілге деген құрметін, сүйіспеншілігін ояту, тілдерін дамыту, мәнерлі сөйлету, ой өрісін кеңейту. Туған жеріне құрмет көрсете білуге,ұлт жандылыққа тәрбиелеу.


 
12 13  14

15 16

16  18

23 қыркүйек күні денсаулық күніне орай колледждің 1 курс оқушылары арасында спорттық шара өткізілді, нәтижесінде студенттер әртүрлі жүлделі орынға ие болып, белсенді қатысқаны үшін Дипломдармен марапатталды. 

            20     19

21  22

28 қыркүйек күні «Еңбек күніне» орай ҚР-АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің БҚО аумақтық инспекциясының биология қауіпсіздік бөлімінің басшысы Б.Е. Айтуғановтың қатысуымен «Ветеринария» мамандығының 2,3 курс оқушыларымен кездесу өткізілді. Мақсаты: оқушылардың мамандыққа деген қызығушылықтарын арттырып,  жас буын шәкірттердің еңбекке деген ынталарын ояту.

23

29 қыркүйек күні мұғалімдер күніне орай мерекелік шара болып өтті, ол шараға бірінші курс топтарының оқушылары мен топ тәлімгері өз өнерлерін көрсетті. 

24  25  27

27  28

гис-технологии
ткани для вышивания