free templates joomla

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ

WEB-САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ:

«Еңбек нарығы қажеттіліктерінің қарқынды дамуы жағдайында сұранысқа ие, білікті мамандардың кәсіби және тұлғалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында сапалы білім беру қызметін ұсыну».

  

director2

Алимбеков Серик Ахметович

 Директор

Ветеринария ғылымдарының кандидаты 

     Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжі 2000 жылы құрылды.

Колледждің алға қойған мақсаты – еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді мамандар даярлау болып табылады. Қазіргі таңда колледжде техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономика салалары негізінде 25 мамандық бойынша мамандар даярланады. Сондай-ақ колледжде күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде студенттер білім алуда. Сонымен қатар колледжімізде жоғары білікті, студенттерге сапалы білім беруді және олардың шығармашылық қабілетін дамытуды мақсат еткен оқытушылар қызмет атқарады.

          Жаңалықтар                                                                  

   

БҚИТК  ұжымы 1-ші мамыр күні Қазақстан Халқының Бірлік күніне орай Абай даңғылына шеруге шықты.

1 2 3

9 мамыр Ұлы жеңістің 73 жылдығына орай колледжі оқушылары топ тәлімгерімен бірге ҰОС ардагерімен кездесті.

4 6 5

Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы жеңіс күні және Қазақстан Қарулы Күштерінің 26 жыл толу мерекесіне орай «Мұнай- газ және стандарттау» бөлімінің ЭНГМ-921, СМС-922 топтарында «Еңсесі биік-ұлы Жеңіс», «Этот день мы приближали как могли» тақырыптарында ашық тәрбие сағатын өткізді.

7 9 8

«Экономикалық және гуманитарлық пәндер» бөлімінің оқушылары қалалық мұражайларға саяхат жасады.

10 12 11

13 14 15

16 18 17

5 мамыр күні колледжішілік топтар  арасында қабырға газеті байқауы өткізілді, қорытындысы бойынша ЭНГМ -912 тобы бірінші, ПВ-911, УА -911 тобы екінші, ЭЛС-921тобы үшінші орындарды иеленді.

20 19 21

Отан қорғаушылар күніне байланысты ұйымдастырылған «Ер борышы – ел қорғау» атты байқауына колледжі оқушылары белсене қатысты.

22 23 24

9 мамыр күні УА-922 және ТПМ-911   топтары топ тәлімгерлерімен бірге М.Мәметова ескеркішіне гүл шоғын қойды.

25 26

Ұлы Отан соғысы жеңісінің 73 жылдығына мерекесіне орай «Экономика және гуманитарлык пәндер» бөлімінде  оқушыларды Отан сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында  ПВ-911, УА -911 топтарында «Бақыт гүлін терген күн!», «Никто не забыт, ни что не забыто» УА -922  тәрбие сағаттары өтті.

27 28

Жеңіс мерекесіне араналған салауатты өмір салты насихаттау бойынша колледжде дене тәрбиесі пәнінің оқытушыларының ұымдастыруымен студенттер арасында спорттың  волейбол  түрлерінен сайыстар өткізілді.

28 30

Елбасының «Үш тұғырлы тіл» саясаты жастардың жарқын болашағы және «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласын насихаттау мақсатында шетел тілі пәнінің оқытушылары Б.К. Омарова мен А.М. Бекмагамбетова «Global» атты тілдер орталығында қызмет жасайтын шетелдіктермен кездесу ұйымдастырды.

31 32

34 33

БҚО Төтенше жағдай департаментының  өрт сөндіру мекемесіне қарасты мұражайға АӘД оқытушысы А.К. Ахметсафин колледжі оқушыларын саяхатқа апарды.

35 36 37

Bastanko working орталығында, БҚО Жастармен жұмыс  жөніндегі  ресурстық  орталығының қолдауымен «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті  университетінің доценті, психолог PHD  докторы Төлегенова Алия Аманғалиқызымен кездесу өтті.

38 39

17 мамыр күні  Ж. Молдағалиев атындағы облыстық кітапханада өткізілген «Кәсіпкерлік және бизнес» атты пікір алмасуға ПВ-921 тобының оқушылары қатысты.

40 41

Тәрбие жұмысы (2)

 

 

Колледждегі тәрбие жұмысы

  Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық колледжінде тәрбие жұмысы, Білім және ғылым министрінің 2009 жылдың 16 қарашасындағы № 521 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасының 12 бағытыбойынша жүргізіледі. Сондай-ақ осы аталған тәрбие жұмысының бағыттары бойынша оқу жылының басында колледждің тәрбие жұмысының жоспары бекітіліп, жоспар бойынша бекітілген жұмыстардың барлығы өз деңгейінде атқарылады.
● Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие;
● Рухани-адамгершілік тәрбиесі;
● Отбасы тәрбиесі;
● Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру;
● Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру;
● Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру;
● Экологиялық тәрбие;
● Эстетикалық тәрбие;
● Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта  
  қалыптастыру;
● Еңбек және экономикалық тәрбие;
● Кәсіби-шығармашылық тәрбие;
● Интеллектуальді мәдениетті дамыту;
  Тәрбие үрдісін дамыту бағытында колледжде оқу-тәрбие кеңесі, топ тәлімгерлерінің әдістемелік кеңесі, ата-аналар кеңесі және студенттердің өзін-өзі басқару ұйымы жұмыс жасайды.
  Сондай-ақ колледж тәрбие жұмысын жан-жақты бағытта өрбітіп, оқушылардың біліммен қатар саналы тәрбие алуларына көптеген жағдай жасап келеді. Соның нәтижесі болар, қазір таңда колледж оқушылары колледж атын Республикалық деңгейге дейін шығарып жүр. Оған дәлел ретінде Республикалық жоғары лига жайдарман ойындарында өнерлерін көрсетіп жүрген колледждің «Назар аудар» КТК командасы биылғы жылы аталған Республикалық жоғары лига жайдарман ойындарының жеңімпазы атанып, колледж атын тағы да биіктен көрсетті.
  Оқушылардың өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру бағытында колледжде студенттік өзін өзі басқару ұйымы жұмыс жасайды.
  Олар колледждің үздік және белсенді оқушыларынан құралады. Сондай-ақ олар колледждің оқу-тәрбие үрдісінің дамуына өз үлестерін қосып, колледж намысын түрлі сайыстарда қорғайды.
  Сонымен қатар 2012 жылдан бастап, оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту бойынша колледждің жанынан «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі жұмыс жасайды. Ол студенттердің жан-жақты дамуына, олардың облыс деңгейінде көрінулеріне жағдай жасап келеді. 2013 жылы аталған қоғамдық бірлестік жастар арасында шылым шегудің, нашақорлықпен маскүнемдіктің алдын алу жобасы бойынша жұмыс жасап, колледж оқушыларынан құрылған қоғамдық бірлестіктің жастары облыс жастарын денсаулық сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырса, 2014 жылы жастар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және қиын жасөспірімдермен жұмыс жүргізу бағытында іс-шаралар ұйымдастырды. Осы белсенді жұмыстың нәтижесінде «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі 2014 жылдың 13 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысының әкімдігі және Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысының жастар сыйлығы байқауының «Үздік жастар ұйымы» аталымы бойынша өткен сайыста жеңімпаз болып жыл үздігі атанды.
Колледжде психолог жұмыс жасайды. Оның жанынан колледждің белсенді оқушыларынан құралған «Жігер» жастар қоғамдық психологиялық орталығы жұмыс жасап келеді. Олар колледж оқушыларына психологиялық көмектер көрсетіп, олардың өмірге деген құлшыныстарын арттыруда көптеген жұмыстар атқарып келеді.
  Сонымен қатар колледж оқушыарының әлеуметтік жағдайларына баса назар аударады. Осы орайда, жыл сайын колледжде оқитын жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар анықталып, оларға жыл сайын колледждің қамқоршылық кеңесі тарапынан олардың оқу төлем ақыларына 10-15 пайыздық жеңілдіктер қарастырылады.
Сондай-ақ колледж оқушыларының әлеуметтік жағдайын ескере отырып, жыл сайын олардың тұрғын жайлармен қамтамасыз етілу жағдайларында естен шығарған емес. 
Колледжде оқушыларға кәсіби шығармашылық тәрбие беру бағыты бойынша пәндік үйірмелер жұмыс жасайды.Үйірмелер оқушылардың шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамытуда үлкен рол атқарады.


2
   

1   
   
   3

4
5687

гис-технологии
ткани для вышивания