free templates joomla

0601000-Мұнай және газ кен орындаурын пайдалану

1. Мамандықтың атауы: 0601000"Мұнай және газ кен орындарын пайдалану"
Біліктілігі: 0809223"техник-технолог"

2. Ұқсас мамандықтар:
       Мұнай-газ   өндіру   бойынша   операторы,   скважиналарды   жер   асты   жөндеу операторы,  скважиналарды  зерттеу  бойынша  операторы,   бұрғылаушы,   бұрғылау қондырғыларының операторы

 

3. Кәсіптік қызметтік саласы: Өндіріс

 

4. Мамандықтын біліктілігі:
   √ Еңбек  әні бойынша кәсіптердің түрі:  осы  мамандық  бойынша  пән  түрі түрлі машиналармен  және  механизмдермен  байланысты  «Адам-адам»  болып  табылады
    Кәсіптер түрінің белгісі бойынша мақсаттары: түрлендіру кәсібі
    Кәсіптер еңбек белгісіне қарай:  мамандық,  функционалдық  еңбек  құралдары, автоматтандырылған және автоматты жүйемен байланысты
    Мамандық      класы:      техник - технолог     мамандығының      орындаушылық сипаттамасына  белгіленген  нормативтік  нұсқаулықтар мен ережелерді қатаң сақтай отырып,  берілген үлгі бойынша  жүзеге  асырылатын  бір  типті  рәсімдерді  орындау жатады.

 

5. Мамандықтың сипаттамасы:
       Техник-технолог  кәсіпшілікте  мұнай мен газ өндірудің технологиялық процесін бақылайды және реттеп отырады,  скважиналардың  берілген жұмыс режимін  жүзеге асырады және ұстап тұрады,  химиялық реагенттерді бақылау бойынша  жұмыстарды басқарып    отырады,     газ    шаруашылығының     объектілеріне    қызмет    көрсетіп, технологиялық  параметрлерді  реттеп  бақылап  отырады,  скважиналарды  жер асты және күрделі жөндеу технологиялық процестерін жүргізеді.
       Сапа   мәселесін  шешуде  негізгі  мәселе  практикалық  тұрғыда   қазіргі  заманға сәйкес   өнім   сапасын   басқару    механизмін   қолдана   алатын   бәсекеге   қабілетті мамандар қажет.

      

6. Маманға қойылатын ерекше талаптар:
       Техник-технологтың мынадай тұлғалық қасиеттері болуы тиіс:
   - Зейінділік
   - Мұқияттылық
   - Сенімділік
   - Өзін-өзі басқара білу
   - коммуникабельділік;
   - өзіндік ұйымдастырушылық және жауапкершілік
   - тәртіптілік
   - жұмыстарды орындау кезіндегі кезектілігі

 

7. Медициналық қарсы көрсетілімдер:
    жүрек тамырларының ауруы;
    жүйке жүйе аурулары;
   √ көру және есту қабілетінің төмендеуі.
   √ Өкпе аурулары
    аллергия

 

8. Кәсіптік дайындыққа қойылатын талаптар:
Техник –технолог білуі керек:
   - нормативтік құжаттарды қолдануды;
   - технологиялық процестің қалыпты және апаттық тоқтытылуын орындауды;
   - картограмманы   орнатуды   жүргізуді,   тіркеуші  бақылау - өлшеу  аспаптарының көрсеткіштерін бақылауды және реттеуді;
   - скважиналарда әр түрлі зеттеу түрлерін жүргізуді;
   - жұмыс  орнында  еңбекті  қоғау  және  техника  қауіпсіздігі  бойынша  инструктаж жүргізуді.
Техник-технолог істей білуі тиіс:
   - жұмыс  орнында  еңбекті  қоғау  және  техника  қауіпсіздігі  бойынша  инструктаж жүргізе білуді;
   - жабдықтарды  пайдалану  ережесі  мен  технологиялық  процестердің  сақталуына бақылау жүргізуді;
   - жабдықтарды жөндеуге дайындауды;
   - есептік-техникалық құжаттарды рәсімдеуді.

   

9.  Қолданылу саласы:
       Техник-технолог  мамандығы  қосымша сұранысқа ие. Берілген мамандық иелері кен     орнының     кәсіпшіліктерінде     және     мұнай   -   газ     өндіру     саласындағы компаниялардың өндірістік бөлімшелерінде жұмыс жасай алады.

 

10. Еңбек шарты:
       Мұнай  мен  газ  кен  орындарын  пайдалану  құрлықта  да,   теңізде  де  жүргізіле алады,    ал    мұнайды    тасымалдауға    арналған    құбырөткізгіштерді,    сораптық -компрессорлық   станцияларды   төсеу - шөлді,  таулы  жағдайларда,  батпақты  елді -мекендер мен басқа да күрделі жағдайда жүргізіледі.  Ауқымды территоряда әр түрлі ауа-райы  жағдайында,  қарапайым   тұрмыстық   жағдайлары   нашар,   қашық   және игерілмеген    аудандарда    жұмыс    жасайды.   Басқармаларда,    зауыттарда   жұмыс жасайтын   техник-технологтар   кеңселерде   белгіленген   жұмыс   тәртібі   бойынша жұмыс жасайды.

 

11. Кәсіптік қауіп:
       Техник-технологтың жұмыс істеу жағдайы "отырып жұмыс істеу" болғандықтан, көп жағдайда арқа мен мойын ауыруларымен байланысты кәсіптік аурулар кездеседі. Сонымен   қатар,   жұмысшыға   қызметтік   міндеттерін   немесе   жұмыс   берушінің тапсырмаларын   орындау   кезінде  зиянды  және   қауіпті   өндірістік   факторы  әсер етуінің  нәтижесінде  жұмысшының  жарақат  алуы  немесе  улануы  оның кәсіпшілік еңбек   қабіліттілігіннен   айырылуына  немесе  кәсіптік  ауруға  ұшырауына  себепші болуы мүмкін.

 

12. Талап етілетін кәсіптік білімдер:
       «Техник - технолог»  біліктілігін  иелену  үшін  0809000 - «Мұнай  және  газ  кен орындарын  пайдалану»  мамандығы  бойынша  техникалық және кәсіптік білім алуы тиіс.

 

13.  Мансаптық өсу:
       Техник - технологтың    мансаптық   өсуінің    болашағы    сабақтас    облыстарды меңгерумен,   біліктілікті   арттырумен  (өнідірісте  білімі  мен  дағдыларын  жаңарту және  мамандық  аясында,   сонымен  қатар  едәуір  жоғары  біліктілікке  қол  жеткізу мақсатында үздіксіз кәсіптік білім алу жүйесінде жетілдіру).

гис-технологии
ткани для вышивания