free templates joomla

0819000-Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы

1. Мамандықтың атауы: 0819000"Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы"
Біліктілігі: 0819073"техник-технолог"

2. Ұқсас  мамандықтар:   Инженер-химик,  эколог,  лаборант  химического  анализа, инженер-технолог, химик-лаборант, химик-аналитик

 

3. Кәсіптік қызметтік саласы: Қызмет көрсету

 

4. Мамандықтын біліктілігі. "техник-технолог"
   √ Еңбек  бойынша  мамандық  түрі:  техник - технолог жұмысы  «Адам - Белгілік жүйе»   пәнінің   еңбек   түріне   жатқызатын   талдау,   сан,   кестенің  нәтижелерімен байланысты
    Кәсіптің мақсаты бойынша:гностикалық.
    Кәсіптің еңбек жағдайы бойынша:қолмен.
    Кәсіптің еңбек белгісіне қарай: «бөлме» жағдайындағы жұмыс.

Мамандық класы: орындау (техник-технолог мамандығының еңбек сипатына қарай бір   жүйелі  рәсімді   реализациялау,   тиісті  қойылған  ережелер,   нормативтер  мен нұсқауларды   сақтай   отырып,   шаблондалған  үлгі  мен  берілген  жүйелерді  шешу бойынша  стандартты есептерді орындау). 

Кәсіби қызмет саласы

    Ғылым
    Білім
    Өндіріс

 

5. Мамандықтың сипаттамасы:
       Техник-технологтың  кәсіби  нысаны:  мұнайды өңдеу,  мұнай химия өндірісінде, газды   өңдеуге   арналған   технологиялық   қондырғыларда  жұмыс  жасау.  Берілген  мамандықты  алған  соң  колледж  түлектері мұнай, газ және мұнай өнімдерін өңдеу, транспорттау, сақтау кәсіпорындарында жұмыс жасай алады.
       «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы»   мамандығы  мұнай  және  газды өңдеудің   негізгі   процестерін   қарастырады,   соның   ішінде   өнімнің   сапасы  мен шығынына  әсер  ететін  параметрлерін,  процестің  теориялық  негіздерін, аппаратты безендіру    мен    олардың     технологиялық    сұлбаларын,     қондырғының     негізгі пайдалануын,  техникалық  қауіпсіздік  пен  техника - экономикалық  көрсеткіштерін оқытады.
       Техник - технолог   –   әртүрлі   заттардың,   мысалы   кен,   мұнай   және   мұнай өнімдерінің,  болаттың әр  түрлі  маркаларының,  металл  балқымаларының, қышқыл, тұз   және   т.б.   химиялық   және   физика – химиялық   талдауды   жүзеге   асыратын қызметкер.
       Техник - технологтың  негізгі  міндеттері  өндірілетін  өнімнің  сапасын бақылау, қоршаған  ортаны  және  табиғатты  қорғау  мақсатында,  сұйық,  газ,  бу  және  қатты заттардың  үлгілерінің  химиялық  құрамы  мен  қасиеттері  жөнінде ақпарат алуымен байланысты.
Техник-технологтың химиялық талдаудағы негізгі міндеттеріне кіреді:
    аналитикалық бақылауды орындау үшін сынаманы алу және дайындау;
   √ аттестациялық әдістеме бойынша материалдарға талдау жүргізу;
    өндірістік өнімнің сапасын экспертиздеу;
    қоршаған ортаның аналитикалық бақылауын жүзеге асыру;
   √ синтетикалық заттарды идентификациялау;
   √ эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау;
   √ 
зерттеу әдістерін оңтайлы таңдау;
    қауіпсіз еңбекжағдайларынұйымдастыру.

 

6. Маманға қойылатын ерекше талаптар:
    өздерін басқару қабілеті;
   √ жауапкершілік,
   √ мұқияттылық,
   √ тәртіптілік,
   √ коммуникативті қабілеті;
    жақсы есте сақтау
    ұқыптылық.

 

7. Медициналық қарсы көрсетілімдер:
    көру қабілетінің төмендеуі;
    қозғалыс координациясының төмендеуі;
   √ психические заболевания;
    жүрек тамырларының ауруы;
    созылмалы инфекциялық аурулар;
    тері аурулары;
    ас қорыту жүйесінің аурулары.

  

7. Кәсіптік дайындыққа қойылатын талаптар: Техник-технолог жақсы білуі тиіс:
   √ зерттелетін және синтезделетін заттардың химиялық қасиеттерін;
    заттардың химиялық және инструментальді әдістеріне талдау жүргізу;
    жұмыс әдістемесі бойынша жұмыс жасап, аналитикалық бақылау аппараттарын жинай білу;
    талдау жүргізуге арналған техникалық документацияны безендіру ережесін;
    өртке қарсы қорғау ережелерін және техника қауіпсіздігін, еңбекті қорғау нормалары және ережелері.
Техник-технолог білуі тиіс:
    талдауға жүргізуге арналған үлгілер мен сынамаларды алу;
    химиялық нысанды талдау үшін оңтайлы әдісті таңдай білу;
    табиғи және өндірістік материалдарға химиялық және инструментальді талдау жүргізу;
    экологиялық және техника қауіпсіздігін сақтай отырып химиялық заттармен жұмыс жасай білу;
    талдау нәтижелеріне математикалық өңдеу жүргізу;
   √ кәсіби мәселелерді шешу үшін ақпараттық технологияларды пайдалану.

 

9. Қолданылу саласы:
    әр түрлі өндіріс саласында: химиялық,
    нефтехимиялық, анилинбояғыш, бояу өндірісінде,
    фармацевтикалық, құрылыс материалдары,
    ғылыми зерттеу институттарында, білім мекемелерінде.

 

10. Еңбек шарты:
       Техник - технологтар       мұнай       өңдеу       зауыттарында       (ғылыми - зерттеу зертханаларында)  өздігінен бірнеше маманнан тұратын ұжымда жұмыс жасай алады. Техник-технологтар күн бойы бөлмеде жұмыс жасайды.

      

11. Кәсіптік қауіп:
       Жұмыста  техник-технолог   заттар  мен  материалдарға   зерттеу  жүргізу  үшін арнайы құралдар,  еңбек қол құралдары,  сонымен қатар Интернетке шығу мүмкіндігі бар компьютер қолданады.
       Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған және тұрақты желдету үшін мүмкіндігі болуы тиіс.
       Денсаулығы   мүмкіндігі   шектеулі   мамандардың    жұмыс   орындарындағы жұмыс  шарттары  медициналық  бюросы  мен  медициналық - әлеуметтік  сараптама (мүгедектігін  растайтын  анықтама  болса)   әзірлеген   мүгедектің   реалибитациялау жеке жоспарына сәйкес келуі тиіс.
       Жұмыс   орнында   өндірістік   жабдықтар  мен  ұйымның   барлық   элементтерін жобалау    мүгедек    қызметкерлердің,     антропометриялық    физиологиялық    жəне психологиялық ерекшеліктері мен шектеулеріне сай сәйкес болуы керек.

 

12. Талап етілетін кәсіптік білімдер:
       Мамандандырылған   білім   ордаларында   техник-технолог   мамандығын  алуға болады,   («Органикалық   заттардың   химиялық   технологиясы»,   «Бейорганикалық заттардың  химиялық  технологиясы»  мамандығы); сонымен қатар өндірісте үздіксіз білім алуға мүмкіндік бар.

 

13.  Мансаптық өсу:
       Химиялық  талдау  саласындағы  мамандардың  мансаптық өсуі жоғары білім алу мен   ғылыми   дамуына,   аралас  облыстарды  меңгеру  мен  біліктілікті  арттыруына  байланысты.
       Техник - технологтың  мансаптық  өсуі  жетекші  маманға  дейін  өсіп,   біртіндеп ғылыми - зерттеу      институтының       меңгерушісі       бола       тұрып,        мансапты басқарушылықпен байланыстыра алады.  

гис-технологии
ткани для вышивания