free templates joomla

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ

WEB-САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ:

«Еңбек нарығы қажеттіліктерінің қарқынды дамуы жағдайында сұранысқа ие, білікті мамандардың кәсіби және тұлғалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында сапалы білім беру қызметін ұсыну».

  

director2

Алимбеков Серик Ахметович

 Директор

Ветеринария ғылымдарының кандидаты 

     Батыс Қазақстан инженерлік – технологиялық колледжі 2000 жылы құрылды.

Колледждің алға қойған мақсаты – еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді мамандар даярлау болып табылады. Қазіргі таңда колледжде техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономика салалары негізінде 25 мамандық бойынша мамандар даярланады. Сондай-ақ колледжде күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде студенттер білім алуда. Сонымен қатар колледжімізде жоғары білікті, студенттерге сапалы білім беруді және олардың шығармашылық қабілетін дамытуды мақсат еткен оқытушылар қызмет атқарады.

          Жаңалықтар                                                                  

   

БҚИТК  ұжымы 1-ші мамыр күні Қазақстан Халқының Бірлік күніне орай Абай даңғылына шеруге шықты.

1 2 3

9 мамыр Ұлы жеңістің 73 жылдығына орай колледжі оқушылары топ тәлімгерімен бірге ҰОС ардагерімен кездесті.

4 6 5

Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы жеңіс күні және Қазақстан Қарулы Күштерінің 26 жыл толу мерекесіне орай «Мұнай- газ және стандарттау» бөлімінің ЭНГМ-921, СМС-922 топтарында «Еңсесі биік-ұлы Жеңіс», «Этот день мы приближали как могли» тақырыптарында ашық тәрбие сағатын өткізді.

7 9 8

«Экономикалық және гуманитарлық пәндер» бөлімінің оқушылары қалалық мұражайларға саяхат жасады.

10 12 11

13 14 15

16 18 17

5 мамыр күні колледжішілік топтар  арасында қабырға газеті байқауы өткізілді, қорытындысы бойынша ЭНГМ -912 тобы бірінші, ПВ-911, УА -911 тобы екінші, ЭЛС-921тобы үшінші орындарды иеленді.

20 19 21

Отан қорғаушылар күніне байланысты ұйымдастырылған «Ер борышы – ел қорғау» атты байқауына колледжі оқушылары белсене қатысты.

22 23 24

9 мамыр күні УА-922 және ТПМ-911   топтары топ тәлімгерлерімен бірге М.Мәметова ескеркішіне гүл шоғын қойды.

25 26

Ұлы Отан соғысы жеңісінің 73 жылдығына мерекесіне орай «Экономика және гуманитарлык пәндер» бөлімінде  оқушыларды Отан сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында  ПВ-911, УА -911 топтарында «Бақыт гүлін терген күн!», «Никто не забыт, ни что не забыто» УА -922  тәрбие сағаттары өтті.

27 28

Жеңіс мерекесіне араналған салауатты өмір салты насихаттау бойынша колледжде дене тәрбиесі пәнінің оқытушыларының ұымдастыруымен студенттер арасында спорттың  волейбол  түрлерінен сайыстар өткізілді.

28 30

Елбасының «Үш тұғырлы тіл» саясаты жастардың жарқын болашағы және «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласын насихаттау мақсатында шетел тілі пәнінің оқытушылары Б.К. Омарова мен А.М. Бекмагамбетова «Global» атты тілдер орталығында қызмет жасайтын шетелдіктермен кездесу ұйымдастырды.

31 32

34 33

БҚО Төтенше жағдай департаментының  өрт сөндіру мекемесіне қарасты мұражайға АӘД оқытушысы А.К. Ахметсафин колледжі оқушыларын саяхатқа апарды.

35 36 37

Bastanko working орталығында, БҚО Жастармен жұмыс  жөніндегі  ресурстық  орталығының қолдауымен «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті  университетінің доценті, психолог PHD  докторы Төлегенова Алия Аманғалиқызымен кездесу өтті.

38 39

17 мамыр күні  Ж. Молдағалиев атындағы облыстық кітапханада өткізілген «Кәсіпкерлік және бизнес» атты пікір алмасуға ПВ-921 тобының оқушылары қатысты.

40 41

ақпан, 2017

        04.02.2017ж. күні «Экология және биотехнология» бөлімінің оқытушылары Г.Т. Джубанышева және Э.К. Каримова  № 44 және № 47 жалпы орта білім беретін мектептерге  ВТ-31, РХ-31 және ВТ - 21 топ оқушыларымен бірге барды. Ондағы  9, 10, 11, сыныптарға кәсіби бағыт бағдар беру мақсатында мерекелік шара өткізді. Мектеп оқушылары мен топ жетекшілері колледжде оқытылатын мамандықтар мен колледждің жеткен жетістіктері туралы ақпарат алды. Оқушылар қызығушылық танытып, жылы қабылдады.

1.02.2017   2.02.2017
3.02.2017   4.02.2017

      06.02-11.02.2017ж. аралығында «Синий кит», «Тихий дом» деп аталатын ойындардан қауіпсіздендіру мақсатында ата-аналар жиналыстары ұйымдастырылды. «Семейные ценности», «Сенің өмірің-сенің қолыңда!», «Өмір қымбатсың маған!»  тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

5.02.2017
6.02.2017

      2017 жылдың 17 ақпанында арнайы құқық пәндер оқытушысы Хасанова М.Д. ПВ-931 және УА-931 топтар арасында «Заңды білу-заман талабы» атты сабақтан тыс шара өткізді

 7.02.2017   8.02.2017

      17.02.17 күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агаралық-техникалық универстетінің магистаранттарымен инженер – мұнайшылар қоғамының ұйымдастыруымен өткізілген «Oil empire» интеллектуалдық ойынына «Мұнайшылар» үйірмесінің мүшелері Өтеулі Шерхан, Бодан Ақерке, Садықов Нурбақыт қатысып жүлделі 1 орынды иеленді

9.02.2017

10.02.2017

      20.02-24.02.2017ж. аралығында бөлімдердін оқытушылары жас оқытушылар апталығы аясында ашық сабақ, сыныптан тыс шаралар өткізді.

 11.02.2017
12.02.2017   13.02.2017
14.02.2017   15.02.2017

    25.02.17 күні қалалық мектеп түлектеріне кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында ашық есік күні ұйымдастырылды. «Мамандығым – өмір жолым» тақырыбында кездесулер өткізіп, мамандықтар бойынша ақпарат берілді.

16.02.2017   
18.02.2017   19.02.2017

гис-технологии
ткани для вышивания