free templates joomla

1510000-Ауыл шаруашылығын механикаландыру

1. Мамандық атауы: 1510000 - «Ауыл шаруашылығын механикаландыру»

 

2. Ұқсас мамандықтар:
       Жөндеуші-слесарь,  мал  өсіру  кешендері  мен  механикаландырылған  фермалар операторы,  механикаландыру технигі  

 

3. Кәсіби қызмет саласы:
   - ауыл    шаруашылығы    саласында     қолданылатын    машиналар,    механизмдер, қондырғылар және басқа да технологиялық жабдықтар;
   - «В» және «С» санатты автомобильдер;
   - техникалық   қызмет  пен  жөндеуге   арналған   стационарлық  және  жылжымалы құралдар;
   - ауыл  шаруашылығы   саласында   қолданылатын  машиналар  мен  механизмдерді дайындау,  пайдалану  және  техникалық қызмет пен диагностикалау жұмыстарының технологиялық процестері,
   - ауыл    шаруашылығына    арналған    процестерді    ұйымдастыру   және    басқару құрылымдық бөлімшесі;
   - бастапқы еңбек ұжымдары.

2

4. Мамандықтың жіктелімі:
       Еңбек    құралы    бойынша    кәсіптің    түрі:   техникалық   құралдарды   құру,  монтаждаумен, құрастырумен және реттеумен байланысты мамандықтарды қамтиды
       Мақсаты   бойынша   кәсіптің   түрі:    "Адам - техника"   түріндегі   түрлендіру қызметтері
       Еңбек ауқымы бойынша кәсіптің түрі:  автоматтандырылған  және  автоматты жүйелерін қолдануына байланысты мамандық, сондай-ақ қолмен, машинамен еңбектену

 

5. Мамандық сипаты:
       1510000     "Ауыл    шаруашылығын    механикаландыру"    ауыл    шаруашылығы өнімдерін  өндіруді  ұйымдастыру  және  диагностикалау  технологиясы,  техникалық қызмет  көрсету,  жөндеу  және  машина - трактор  паркін  сақтау,  автомобиль  көлігі меемелерінің      және       мал       шаруашылығы       фермаларының       жабдықтарын ұйымдастыруды, білікті орта буын мамандарын дайындауды жүзеге асырады.
       Түлектер    ауыл     шаруашылығы     кәсіпорындарының     өндірістік - қаржылық қызметін   экономикалық   талдау   және   олардың   инженерлік-техникалық  қызмет, машиналар   мен   жабдықтарды  пайдалану  көрсеткіштерін,   инженерлік  шешімдер тиімділігін негіздеу әдістерін меңгереді.

 

6. Маманның жеке ерекшеліктеріне қойылатын талаптар:
   - автомеханикаға қызығушылық;
   - практикалық ақыл-ой жүйесі;
   -техникалық ойлау;
   - бақылаушылық;
   - ақауды есту арқылы анықтау қабілеті;
   - көзбен өлшеу қабілеті;
   - қолдары шебер;
   - физикалық төзімділік;
   - жауапкершілік;
   - ұйымдастырушылық қабілеті.

 

7. Медициналық шектеулер:
   - қозғалыс диапазонын шектейтін аяқ-қолдың ауруы;
   - өкпе аурулары;
   - тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуы.

 

8. Кәсіби дайындығына қойылатын талаптар:
   - ауыл  шаруашылық  агрегаттары,  қондырғылары,  машиналар  мен  жабдықтарды бұзу-құрастыру және ақауларды жөндеу жұмыстарын орындау,
   - жөндеу   процесінде  бөлшектер  мен  күрделілігі  әр  түрлі  тораптарға  слесарлық өңдеуді орындау;
   - құрастыру  және  жөндеу үшін күрделілігі әр түрлі құрал-жабдықтарды дайындау;
   - жөндеу-технологиялық жабдықты пайдалану дағдыларын игеру;
   - жөндеу және жинау техникасы жұмыстарынан кейін реттеуді орындау;
   - персоналдың жұмысын басқару;
   - қауіпсіздік техникасы сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
   - стандартты емес жабдықтарды әзірлеуді бақылау мен ынталандыру;
   - жекелеген   жаңа   агрегаттар    және    жаңа    механикаландырылған    кешендерді өндіріске енгізу;
   - қолданылатын технологияларды мақсаттылығын бағалай білу.

 

9. Қолданылу аясы:
   - әр  түрлі   меншік  нысанындағы  ауыл  шаруашылығы,  автокөлік,  жөндеу,  қайта өңдеу кәсіпорындарында;
   - конструкторлық-технологиялық және ғылыми ұйымдарында;
   - техника     өндіретін     зауыттардың     фирмалық,      сервистік     және     дилерлік орталықтарында;
   - материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесінде;
   - автотракторлық,  ауыл  шаруашылығы  және  қайта  өңдеу техникасымен, қосалқы бөлшектермен,       жинақтаушы       бұйымдармен      және      пайдалануға       қажетті материалдармен көтерме және бөлшек сауда орталықтарында.

 

10. Еңбек жағдайы:
       Ауа  райына  қарамастан,   үй-жайда  және  ашық  ауада  техник-механик  ретінде жұмыс  істейді.  Егістік  жұмыстары  кезінде  және  басқа да жағдайларды жоспардан тыс жұмыс жасауға тура келеді.

 

11. Кәсіби тәуекелдер:
       Өндірістік  жарақат   алу   қаупі   мол:    ауыр   заттарды   көтеру   немесе   құлату кездерінде,   көзді   жарақаттау,   ауыр   жабдықтарды   көтеру  кезінде  бұлшық   етті, сүйекті  жарақаттау,  күю,  кесу  және ақаулы жабдықтармен жұмыс істеу кезінде тоқ әсерінен есеңгіреу қаупі бар.  Шу және діріл, химиялық әсердің де денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін.

 

12. Қажетті кәсіби білім:
       "Техник – механик"   біліктілігін    алу   үшін   1510000 - "Ауыл   шаруашылығын механикаландыру" мамандығы бойынша білім алу керек.

6

13. Мансаптық өсу
       Техник - механиктің   мансаптық  өсуі  жөндеу  бригадаларында  машиналар  мен механизмдерге техникалық  қызмет көрсету арқылы жұмыс тәжірибесін жинақтап, өз білімдері  мен  дағдыларын  жетілдіре  отырып,  өз  саласында  жоғары  білім  алумен байланысты болуы мүмкін.

гис-технологии
ткани для вышивания