free templates joomla
Жұма, 15 Ақпан 2013 11:59

Кәсіптік бағдар

Written by 

      БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

«БҮГІНГІ САПАЛЫ БІЛІМ – ЕРТЕҢГІ ЖАРҚЫН КЕЛЕШЕК»

 

Мемлекеттік лицензия: АБ 0036514

 

Білім беру қазақ және орыс тілдерінде күндізгі, сырттай оқу түрлерінде жүргізіледі.

Батыс Қазақтан инженерлік-технологиялық колледжі 2000 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан Батыс Қазақстан облысындағы кәсіптік техникалық білім беретін алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі. Колледж еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай бәекеге қабілетті, кәсіби білімді техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономика салалары негізінде 24 мамандық бойынша мамандар даярлайды.

Батыс Қазақтан инженерлік-технологиялық колледжі

2015-2016 оқу жылына келесідей мамандықтар бойынша талапкерлерді оқуға қабылдайды:

 

0201000 – Құқықтану

0516000 – Қаржы (салалар бойынша)

0518000 – Есеп және аудит (салалар бойынша)

0515000 – Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша)

0513000 – Маркетинг (салалар бойынша)

1304000 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)

0902000 – Электрмен қамтамасыздандыру (салалар бойынша)

1201000 – Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

1202000 – Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару (салалар  бойынша)

0601000 – Метрология, стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

1511000 – Жерге орналастыру

0809000 – Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бағыты бойынша)

0801000 – Мұнай және газ шыңырауларын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы (бағыты бойынша)

0819000 – Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы

1513000 – Ветеринария

1514000 – Экология және табиғи ресурстарын тиімді пайдалану

1505000 – Балық шаруашылығы (түрлері бойынша)

0802000 – Мұнай-газ құбырларын және мұнай-газ қоймаларын салу және пайдалану

1508000 – Орман шаруашылығы, бақ-саябақты және ландшафты құрылыстар

1224000 – Сүт тағамдарының өндірісі

1225000 –Ет және ет өнімдерін өндіру   (түрлері бойынша)

1216000 – Элеватор,  ұн тартатын, жармалық және құрама өндірісі

1504000 – Ферма шаруашылығы (бейіндері  бойынша)

1510000 – Ауыл шаруашылығын механикаландыру

 

11 сыныптан кейін бюджет (грант) негізінде Мәңгілік ел жастары - индустрияға" бағдарламасы негізінде келесі 3 мамандық бойынша оқуға талапкерлерді қабылдаймыз.

Сондай-ақ аталған 3 мамандық бойынша оқуға қабылданғандарға жатақхана беріледі.

 

0809000 - Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бағыты бойынша)

 

Біліктілігі: 0809223 Техник-технолог

 

Оқу мерзімі: Негізгі орта білім базасында 3 жыл 10 ай, жалпы орта білім базасында 2 жыл 10 ай.

 

Техник -технологтың кәсіби қызметінің нысандары:

 

-         Бригаданың немесе телімнің жұмысын ұйымдастыру;

 

-         Технологиялық үрдісті қалыпты және апатты тоқтату;

 

-         Картограмма орнату және тіркеуші бақылау – өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін бақылау т.б.

 

0902000 - Электрмен қамтамасыздандыру (салалар бойынша)

 

0902043 - Техник-электрик

 

Оқу мерзімі: Негізгі орта білім базасында 3 жыл 10 ай, жалпы орта білім базасында 2 жыл 10 ай.

 

Техник -электриктің кәсіби қызметінің нысандары:

 

-         Өндірістік кәсіпорындарда, электр энергетикалық өндірістерде, электр желілерде, ауылшаруашылығында;

 

-         Энергетка кәсіпорындарында

 

-         -Электрмен жылу жабдығы және өндірістік автоматикадан маркетинг орталықтарында т.б.

 

1201000 - Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету

 

1201133 - Техник-механик

 

Оқу мерзімі: Негізгі орта білім базасында 3 жыл 10 ай, жалпы орта білім базасында 2 жыл 10 ай.

 

Техник –механиктің кәсіби қызметінің нысандары:

 

-         Жөндеу және автомобиль зауыттарында;

 

-         Автомобиль және жөндеу зауыттарының фирмалық және дилерлік орталықтарында;

 

-         Техникалық қызмет көрсету станцияларында;

 

-         Автокөлік автожөндеу және автосервис кәсіпорындарында т.б.

 

 

 

 

Қабылдау емтихандары кешенді тестілеу түрінде колледжде өткізіледі.

  • Оқуға қабылдау өтініші күндізгі оқу бөліміне 20 маусымнан  20 тамызға дейін, сырттай оқу бөліміне  20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін жүргізіледі.
  • Қабылдау емтихандары: күндізгі оқу бөліміне 20 маусымнан 25 тамызға дейін, сырттай оқу бөліміне 1 тамыздан 25 қыркүйекке дейін болады.
  • Талапкерлерді колледждің оқушылар қатарына қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі: күндізгі оқу бөліміне 25 тамыздан 30 тамызға дейін, сырттай оқу бөліміне
  • 25 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін жүргізіледі.

Колледжге түсу үшін қажетті құжаттар:

- өтініш;

- аттестат;

- 3х4 көлеміндегі 4 фото;

- медициналық анықтама (086-у үлгісі);

- медициналық анықтама (063-у үлгісінің көшірмесі, күндізгі оқу түрі үшін);

- медициналық анықтама (025-у үлгісі қалалықтарға);

- жеке куәлік немесе туу туралы куәлік көшірмесі;

- жанұя құрамы жөнінде анықтама немесе үй кітапшасының көшірмесі.

 

Біздің мекен жайымыз: Орал қаласы, Достық даңғылы 215

Қабылдау комиссиясы: Ықсанов көш 44/1

тел/факс: (7112) 51-35-31, тел.: (7112) 50-98-14.

Революция аялдамасы

Ақылы негізде және сырттай оқу түрінде оқуға түскендердің оқу ақысы 90-115 мың теңге аралығында болады.

                              

                                                                                                    [email protected]

                                                                                                                                                                                                                                          

Read 1699 times

Leave a comment

Make sure you enter the (*) required information where indicated. HTML code is not allowed.