Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялқ колледжі
0

 

 

миссия Колледж стратегиясы

Миссия 

"Инновациялық оқыту әдістерін қолдану-сұранысқа ие мамандарды дайындау негізі"

 

Колледж стратегиясы

Дамудың басым бағыттары болып:

  • техникалық және кәсіптік білім берудің сапасын мемлекет пен қоғамның, жеке тұлғаның болашақтағы қажеттілігі мен өзектілігіне сәйкес болуы  мен  беріктігін қамтамасыз ету.
  • аймақтың еңбек нарығының нақты қажеттілігіне сәйкес мамандарды даярлау;
  • Оқудың тиімділігін, сапасын, қолжетімділігін қамтамасыз ететін оқу ортасын дамыту;
  • колледжі басқарудың жүйесін жетілдіру;
  • мемлекет мүддесіне жастардың әлеуетін дамыту және іске асыру;
  • заманауи технологияларды, білім беру бағдарламаларын енгізу;
  • оқудың дуальді және модульдік жүйесін дамыту;

 

Бұл басымдықтар ұлттық экономиканың даму басымдықтарымен үндеседі. Дамудың болашағы мен негізгі бағыттары "Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі" МЕББМ


2014-2019 жылдарға арналған дамудың Стратегиялық жоспарына 5 жылдық мерзімге қойылды.


БҚИТК-ның даму мақсаттары мен стратегиялық басымдықтарын анықтауда келесідей стратегиялық сипаттағы құжаттар қолданылды, олар мемлекеттің кәсіптік білім беруді және оның қоғамдағы рөлін дамытудың жалпы желісін көрсетеді:

  • Мемлекеті Басшысының Қазақстан халқына Жолдаулары:;
  • Мемлекеті Басшысының 04.2017 жылғы "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы;
  • Қазақстан Республикасының "Білім туралы Заңы" 27 маусым 2007 жыл;
  • "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары";
  • "Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы";

 

Осылайша, колледж миссиясы, пайымы және стратегиясы колледждің Қазақстанның білім беру кеңістігіндегі орнын бейнелейді, ұлттық басымдықтармен үндесетінін, мүдделі тараптардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталғанын, сондай-ақ колледж стратегиясының даралығы мен бірегейлігін көрсетеді.

 

Стартегиялық бағыттары:

  • "Нұрлы жол" Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында мамандарды даярлаудың жоғарғы деңгейіне қол жеткізу;
  • Мамандарды айматың экономикасының өндірістік қажеттілігінің картасын ескере отырып дайындау;
  • оқытудың инновациялық технологияларын енгізу: кредиттік оқыту технологиясы, дуальді оқыту жүйесі, модульдік бағдарламалар;

Әлеуметтік серіктестікті кеңейту, оқу үдерісінің траекториясын қалыптастырып, олардың кадр дайындау мәселесіндегі сұраныстарын ескеру үшін жұмыс берушілермен тығыз байланыста болу;