Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялқ колледжі
0

 

 

«СЕРПІН-2050»

«СЕРПІН-2050»   Мәңгілік ел жастары – индустрияға!!! .

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында жаhандық деңгейдегі дағдарыс кезінде елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың шешуші міндеттерін көрсетіп, өткен ғасырдың 60-жылдарынан кеңінен тараған тұтынушылық қоғам тұжырымдамасы орнына балама ретінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынды. Сонымен қатар «Елімізде жұмыс орындарын құрудамыз, жаңа өндірістер салудамыз. Сондықтан, жұмыс бар жерге бару керек» -деп көрсетті.


«Серпін-2050»  әлеуметтік  жобасы  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  стратегиясында айқындалған  басымдықтарды  жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың қатарына кіреді. Стратегияға сәйкес дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білікті мамандар даярлау мәселесі өзекті  болмақ.  Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне  арнап «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»  әлеуметтік  жобасын ұсынған  болатын.  Бұл жоба  «Серпін-2050» деп аталады және бұл әлеуметтік жоба Мәңгілік ел идеясының шеңберінде 2014 жылдан бері жұмыс жасап келе жатыр.


«Серпін- 2050: Мәңгілік ел жастары - индустрияға» жобасының басты мақсаты еңбек ресурстарының мол артықшылығы орын алып отырған республиканың оңтүстік өңірінің (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары) жастарын еңбек ресурстарына сұраныс көп батыс және солтүстік аймақтарда білім алуға жағдай жасап, кейін сол жерлерде жұмысқа орналастыру мүмкіндігін жасау. «Серпін-2050» -  жарқын болашақ жобасы. Бұл оңтүстік өңірдің мыңдаған жас өрендеріне солтүстік, батыс, шығыс  Қазақстанның колледждері мен ЖОО-нда сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Жоба бойынша білім гранттарына ие болған студенттерге жатақхана беріледі және  оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыру қарастырылған.


2014 жылдан бастап  «Серпін-2050» жобасына жүзеге  асырушы  КжТБ беру оқу орны ретінде Батыс Қазақстан инженерлік- технологиялық колледжі ветеринария, балық шаруашылығы, электрмен қамтамасыз ету, Есептеуіш техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша серпіндіктерді қабылдай бастады. 2014-2015 жылы  аталмыш жоба бойынша  колледжге 45, 2015-2016 оқу жылында 100, ал 2016-2017 оқу жылында 75, 2017-2018 оқу жылында 25, 2018-2019 оқу жылында 25 білім гранты бөлінді. Қазіргі таңда колледжде 105 студент «Серпін-2050»  әлеуметтік жобасы бойынша білім алып жатыр.